Әскери колледжге қандай мамандыққа түсуге болады?

24 Сәуір 2022, 15:52
4664
Бөлісу:
Әскери колледжге қандай мамандыққа түсуге болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде бірнеше маман даярланады. Колледж бастығының орынбасары полковник Хамит Байкенов оқу орны туралы айтып берді.

Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледж 2021 жылы әскери білім саласын жетілдіру мақсатында «Жас ұлан» республикалық мектебінің базасында құрылған. 

Әскери колледж техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орны. Мекемеде Қарулы күштерге арналған кіші командирлер даярланады. Мынадай мамандықтар бойынша мамандар оқытылады: әскери істегі автоматтандыру, ақпараттық коммуникациялық технологиялар, қару-жарақ пен әскери техниканы техникалық қамтамасыз ету және жөндеу және радиациялық-химиялық бактериялогиялық қорғаныс бөлімшелерді басқару, сондай-ақ инженерлік саперлік бөлімшелерді басқару, - дейді Байкенов.

Оның сөзінше, әскери колледжді аяқтаған түлектер мамандығы бойынша диплом, кіші сержант атағын және жүгізуші курстарын аяқтағаны туралы куәлік алады. Одан кейін түлектер әскери бөлімшелерге, лауазымдарға тағайындалып, қызмет атқаруға жіберіледі.

Ал үздік бітірген түлектер өз мамандығы бойынша оқуын жалғастыруы үшін жоғары әскери оқу орындарына емтихансыз түсуге мүмкіндіктері болады. Әскери қызметке жіберілген біздің түлектер әскери қызмет және әлеуметтік пакетке ие болады. Оның ішінде медициналық көмекмен, әскери киім-кешекпен, тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін немесе тұрғын үйді жалдау үшін төлемақы алады, - деп түсіндірді полковник Хамит Байкенов.

Бөлімшелерге тағайындалған түлектердің де мансаптары өсу мүмкіндігі бар.

Өзгелердің жаңалығы