Әскери дәрігерлер денсаулық сақтау мамандарымен тәжірибе алмасты

4 Мамыр 2022, 16:50
1194
Бөлісу:
Әскери дәрігерлер денсаулық сақтау мамандарымен  тәжірибе алмасты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрлігінің Әскери клиникалық госпиталінде ғылыми-практикалық конференция өтті. 

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шара дипломнан кейінгі білім берудің халықаралық ғылыми-зерттеу институтымен, Алматы қаласының медициналық мекемелерімен, сондай-ақ Қазақстан-Ресей медициналық университетімен бірлесіп ұйымдастырылды. 

Конференцияның мақсаты – денсаулық сақтау мекемелері арасындағы өзара қарым-қатынасты ұйымдастыру және заманауи медициналық технологияларды қолдануда тәжірибе алмасу. 

Азаматтық және әскери денсаулық сақтау саласындағы жетекші мамандар COVID-19-ды, онкологиялық ауруларды, оқ тиіп жараланған науқастарды емдеу, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге хирургиялық көмек көрсету жөнінде тәжірибе алмасты. 

Әскери дәрігерлер сирек аурулары бар науқастарды оңалтуды дербестендіруге, әр пациент үшін аса қолайлы дәрі-дәрмектерді және олардың мөлшерін жеке таңдауға, асқынулардың алдын алуда тиісті әсерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін функционалды қан анализінің әдістемесін жасады. Әріптестеріміз дайындаған әзірлеме жөнінде пікір алмастық, - деді госпиталь бастығының орынбасары медицина қызметінің подполковнигі Абдували Палтушев.

Әскери клиникалық госпиталь дәрігерлерінің әріптестерімен тәжірибе алмасуы тұрақты түрде жүргізілетінін атап өткен жөн.

Өзгелердің жаңалығы