Әскери борышын өтеген 3 мың азамат ЖОО-да тегін білім алады

30 Қазан 2023, 07:49
956
Бөлісу:
Әскери борышын өтеген 3 мың азамат ЖОО-да тегін білім алады
Фото: baq.kz

Елімізде мерзімді әскери қызметтен кейін азаматтарға тегін білім алу мүмкіндігін беруді қарастыратын «Срочники 2.0» жобасы сәтті жүзеге асырылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы баспасөз мәслихатында ҚР Қорғаныс министрлігі аппаратының басшысы Ербол Құмарбекұлы жоба туралы айтып берді.

Осыдан бір жыл бұрын Қорғаныс министрі жетпіске жуық жоғары оқу орындарының басшыларымен меморандумға қол қойып, әскери қызметін үздік өткерген сарбаздар үшін жоғарғы оқу орындары есебінен тегін білім алу мүмкіндігін беруге келіскен болатын. Бұл мүмкіндікті Қарулы күштердің ғана емес, басқа да әскери күштердің сарбаздарына да беруді тапсырды. Әрине бастапқы кезеңде бұл жобаның іске асуына күмәнданушылар аз болған жоқ, - деп ҚР Қорғаныс министрлігі аппаратының басшысы Ербол Құмарбекұлы.

Оның айтуынша, себебі жоғары оқу орнында тегін оқу үшін жолдама алған сарбазда Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырмай, автоматты түрде өтуі жоспарланған.

Дегенмен бұл жобаның әскери қызметтің беделін арттыруға бағытталғанын ескере отырып, Ғылым және жоғары білім министрлігі оны қолдап, биылғы жылы көктемде әскери борышын тәмамдап сарбаздар арасында іріктеу өтіп, ҰБТ тапсырмастан ең үздік сарбаздар қолдарына жолдамаларын алып, 1 қыркүйек күні студенттер қатарына қосылды, - деп хабарлады Ербол Құмарбекұлы.

Осылайша, биылғы жылы Отан алдында әскери борышын өтеген 3 мың азаматқа Қорғаныс министрлігі жоғары оқу орындарына тегін түсу үшін жолдама берді.

ҚР Қорғаныс министрлігі аппарат басшысының айтуынша, 2024 жылдан бастап мерзімді әскери қызмет еткен азаматтарға жоғары оқу орындарына түсу үшін мемлекеттік гранттар бөлінетін болады.

Бұл мақсатта қазіргі уақытта тиісті мемлекеттік органдармен жұмыс жүргізілу үстінде, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы