Әскерге келгенге дейін көп ойландық – жас сарбаз

27 Мамыр 2023, 15:06
1433
Бөлісу:
Әскерге келгенге дейін көп ойландық – жас сарбаз
Фото: автордан

Бұл туралы Астанада орналасқан 68665 әскери бөліміне Түркістан облысынан келген жас сарбаз Арыстан Серікбай ант қабылдау рәсімінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әскерге келгенге дейін көп ойланғанымыз рас. Бірақ ол ойлардан арылып, әскери мамандықтың қыр-сырын үйреніп жатырмыз. Отан алдындағы әскери борышын адал атқару – әрбір азаматтың міндеті, - деді сарбаз.

Алматы қаласында жоғарғы оқу орнын бітірген Дінмұхамед Нұрболат та Отанға азаматтық борышын өтеу үшін келгенін айтты. Ол оқуын заңгер мамандығы бойынша бітірсе де, әскери саламен өмірін байланыстыру жоспарында жоқ екенін жеткізді.

Шақыруды ұялы хабарлама арқылы алдым. Сосын Алматының әскери комиссариатына бардым. Әскерге келгеніме бір айдан асты. Болашақта әскери саламен өмірімді байланыстыру ойда жоқ. Бірақ бір жыл Отанға қызмет етіп, қолына қару алу әрбір ер-азаматтың парызы, - деді ол.

Ал ант қабылдау рәсімінде ата-аналар атынан сөз сөйлеген Дінмұхамедтің әкесі Нұрболат Нұғыманов бір жыл өте шығатынын айтып, бір жылдан соң ата-аналардың балаларымен аман-есен жүздесуін тіледі.

Бүгін міне Астана қаласына баламыздың ант қабылдау рәсіміне қатысып, қуанышымызда шек жоқ. Бір жыл деген не? Біз кезінде 2 жыл қызмет еткенбіз. Әскер деген – үлкен мектеп. Ұлымыз бізге бала болғанымен, бүгін Отанды қорғайтын жас сарбаз. Оған үлкен сенім артамыз, - деді Талғат Құлманов.

Айта кетейік, 68665 әскери бөлімінің командирінің орынбасары, подполковник Талғат Құлмановтың хабарлауынша, ант берген сарбаздар Астана қаласында орналасқан шабуылдау батальонына, минаметтық батарея және әуеге қарсы қорғаныс батареясына бөлінеді.

Өзгелердің жаңалығы