Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев әскерге шақырылған 2600-ден астам азаматтың несиесін төлеу кейінге шегерілетінін мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазіргі таңда 2600-ден астам мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтардың қарызы бойынша төлемдерді кейінге қалдыру үшін уақыт берілді. Жобаның ұзақ мерзімді сипатын ескере отырып, жеке өтінішсіз проактивті форматта кредитті төлеуді тоқтата тұру мүмкіндігін ұсыну алгоритмі әзірленді. Бұл алгоритм даму сатысында, - деді Ахмедиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Бұған дейін әскерге бармаған азаматтарға әскери билет цифрлық нұсқада ұсынылатынын жаздық.
Сонымен қатар Қорғаныс министрінің орынбасары соғыс жағдайында қарулы күштер саласында байланыс мәселесі қалай шешілетінін түсіндірген еді.