«Әскерден жалтару үшін алаяқтарға жүгінеді». Артықов ескерту жасады

1 Наурыз 2023, 15:31
764
Бөлісу:
«Әскерден жалтару үшін алаяқтарға жүгінеді». Артықов ескерту жасады
Фото: Егемен Қазақстан

Бұл туралы Қарулы күштердің Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы, полковник Бауыржан Артықов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біздің қоғам, әскери қызмет өткеру адамның өзіне ғана емес, қоғам үшін, ел үшін маңызды екенін түсініп келеді, оның ішінде әрбір әскерге шақырылушы Отанын қорғау – ол өз үйін қорғау екенін білуі тиіс. Әскери қызмет – ол еліміздің егемендігін сақтау негізі, ал жастарға тәрбие беру, оларды Отанды қорғауға даярлау тек мемлекеттік құрылымдардың ғана емес, бірінші кезекте барлық қоғамның маңызды міндеті, - деді Артықов.

Спикердің айтуынша, азамат әскери борышын кейінге қалдыру үшін құзіретті органдарға жүгінуі тиіс.

Көп жағдайда азаматтар әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату мәселесін шешу үшін әскерге шақыру комиссиясына еш қатысы жоқ алаяқтарға жүгінеді. Сондықтан ақша талап ету, туындаған мәселені шешу, жалпы сыбайлас жемқорлық көрінісі бар барлық жағдайда Қорғаныс министрлігінің сенім телефонына хабарласуы керек. Біз әрқашан ашықпыз. Әр азаматтың сұрағына жауап береміз, – деді Артықов ОКҚ-да өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Өзгелердің жаңалығы