Әскердегі цифрландыру мәселелері талқыланды

22 Мамыр 2021, 20:48
3802
Бөлісу:
Әскердегі цифрландыру мәселелері талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқов еліміздің батыс өңіріне жұмыс сапарымен барды. Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында ел әскерінің цифрландыру мәселелері талқыланды.

Ақтөбеде министрдің орынбасары облыс әкімі Оңдасын Оразалинмен кездесу барысында әскерге шақыру науқаны, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудағы цифрлық жүйелерді қолдану мәселелері қаралды. Министрдің орынбасары облыстық әкімшіліктің ахуалдық орталығына барды.

Жергілікті әскери басқару органдары мен құқық қорғау органдарының өкілдеріне ақпараттық жүйелерді қолданудағы шетелдік тәжірибесі ұсынылды.

Дарын Тұяқов әскерге шақыру науқанын өткізу кезінде цифрлық технологияларды кеңінен қолдану жүргізіліп жатқан жұмыстың сапасымен қатар, ашықтығын да қамтамасыз ететінін атап өтті. Бірыңғай ақпараттық базаға әскерге шақырылуға жататын тұлғалардың әлеуметтік, денсаулық жағдайы, білімі туралы ақпаратты енгізу қажет. Білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарымен және құқық қорғау органдарымен тығыз өзара байланыс орнату арқылы ғана әскерге шақырудың электрондық жүйелеу сапасын арттыруға болады, - делінген ақпаратта.

Маңғыстау облысында халыққа мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарына басты назар аударылды. Министрдің орынбасары халыққа қызмет көрсету орталықтарында болып, ауылдық елді мекендерді Интернетке кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету үшін енгізілген ТОБЖ (талшықты-оптикалық байланыс желілері) Қазақстанның телекоммуникация саласының жобасымен танысты.

Бүгінгі таңда қорғаныс ведомствосы халыққа ұсынатын барлық мемлекеттік қызметтер цифрландырылғаны және барлық азаматтар оларды электрондық форматта алу мүмкіндігіне ие екені атап өтілді.

Дарын Тұяқов Ақтау гарнизонының әскери бөлімдерінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның жай-күйімен танысып, автоматтандырылған басқару жүйесін пайдалануға енгізу мәселелері бойынша кеңес өткізді.








Өзгелердің жаңалығы