Астана, BAQ.KZ. Бөлімшелердің далалық машықтығы мен үйлесімділігін жетілдіру мақсатында Маңғыстау облысының «Оймаша» және Ақтөбе облысының «Есет батыр» оқу полигондарында жауынгерлік ұрысқа барынша жақындатылған жағдайларда взводтардың жауынгерлік оқ атулары өтіп жатыр.
Взводтардың жауынгерлік атыстарына мотоатқыш және теңіз жаяу әскері бөлімдері қатысуда.
Ал оларға қолдау ретінде танк және артиллерия бөлімдері берілді.
Взводтардың жауынгерлік оқ атуларын өткізу кезінде дұрыс тактикалық іс-қимылдарға, ұрыста қаруды шебер әрі тиімді пайдалану және бөлімшелердің атысын басқару, сондай-ақ қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға назар аударылады.
Жауынгерлік оқ атуларды өткізу үшін әскери бөлімдердің үздік әдіскерлері оқу-жаттығу полигондарында жерүсті және әуе межелері бойынша қарудың барлық түрлерінен оқ атуға, түнгі қарауылдарды пайдаланып, түнде оқ атуға, сондай-ақ қол гранаталарын лақтыруға мүмкіндік жасады.
Күрделі климаттық жағдайларда взводтардың жауынгерлік оқ атуларын қамтамасыз ету үшін жерүсті және әуе нысаналары, жеке қорғаныс құралдарында жекелеген межелер бойынша атысты жүргізу, жаяу әскердің жауынгерлік машиналарының, броньды транспортерлардың, БТР-да орнатылған оқшашарлардың бойницалары арқылы оқ атудың жүргізілуін, түнгі қарауылдарды пайдаланып, оқ атуды, сондай-ақ қол гранаталарының лақтырылуын көздейтін шынайы жауынгерлік жағдай жасалды.
Сабақтар бөлімшеге жүктелген тапсырмаларды ескере отырып, күндізгі және түнгі уақытта шабуылдауда, қорғаныс пен арнайы әскери іс-қимылдарда взводтың іс-әрекеттерін үлгілейтін тактикалық дайындық тақырыптары бойынша өткізілді.
Взводтардың жауынгерлік оқ атулары наурыз айының басында аяқталады.