Әскер спортшысы гір көтеруден Қазақстан чемпионы атанды

3 Наурыз 2022, 15:37
1204
Бөлісу:
Әскер спортшысы гір көтеруден Қазақстан чемпионы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының спортшы-нұсқаушысы сержант Назым Ахмедов Ақтөбеде гір спортынан аяқталған ел біріншілігінде алтын жүлде олжалады, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Ол 24 келі гір тасын ұзақ циклді көтеруден жаттығуды 102 рет орындады. Әскер спортшысы бұл нәтижемен өзі сынға түскен 95 келі салмақта ғана емес, турнирдің барлық қатысушылары арасында да үздік нәтиже көрсетті.

Өзгелердің жаңалығы