Қаскелеңдегі жарылыс: зардап шеккен екінші адам ауруханада көз жұмды

9 Қаңтар 2020, 00:06
2343
Бөлісу:
Қаскелеңдегі жарылыс: зардап шеккен екінші адам ауруханада көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысындағы Қарасай ауданының Қаскелең қаласында болған жарылыс салдарынан екінші адам ауруханада көз жұмды.


Бүгін кешкі сағат 17:00-дер шамасында ауруханада 1939 жылғы, яғни 81 жастағы қарт кісі көз жұмды, - делінген Қарасай ауданы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев зардап шеккен тұрғындармен кездесіп, қал-жағдайларын білді. Қаза болған отбасына барып көңіл айтып, қайғыларына ортақтасты. Қазіргі таңда зардап шеккен отбасыларға уақытша баспана ұсынылған. Ол шығындардың барлығын әкімдік өтеп беретінін жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік , бүгін Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Қаскелең қаласында газ ауа қоспасы жарылды. Жарылыс салдарынан 7 адам жарақаттанып, бір бала оқиға орнында жан тапсырды



Өзгелердің жаңалығы