Асқар Умаров Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды

19 Тамыз 2021, 09:46
2741
Бөлісу:
Асқар Умаров Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Асқар Қуанышұлы Умаров Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлайды.

Асқар Умаров 1976 жылы Алматыда туған. Тұран университетін бітірген.

1997-1998 жылдары — «Мәдениет мәселелері жөніндегі республикалық ғылыми орталықтың» әлеуметтік-экономикалық мәселелер секторының жетекші маманы. 

1998-1999 жылдары — «Қазақстанның шағын бизнесі» журналында маркетинг жөніндегі маман. 

2001-2005 жылдары — «Новости недели» РГ» ЖШС тілшісі.

 2005-2006 жылдары — «Қазақстан» РТРК» АҚ – «Астана» ТРО филиалы Ақпараттық-талдау бағдарламалары дирекциясының Алматы бюросының шеф-редакторы. 

Әр жылдары жеке ұйымдарда басшылық қызметтер атқарған. 

2008-2010 жылдары — «Нұр-Медиа» ЖШС директоры, бас директорының орынбасары. 

2011-2013 жылдары — «Түркі академиясы» КЕАҚ вице-президенті. 

2014 жылы — «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарушы директоры. 

2016-2017 жылдары — қоғамдық қордың президенті. 

2017-2020 жылдары — «ҚазАқпарат» ХАА ЖШС бас директоры. 

2020 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін — «ҚазАқпарат» ХАА АҚ басқарма төрағасы.



Өзгелердің жаңалығы