Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Асқар Мұратұлы мәлімдеді.
Оның атап өтуінше, халыққа және көлік құралдарын пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін 7 учаскеде клиенттермен жұмыс істеу жөніндегі 14 орталық жұмыс істейді.
Сондай-ақ Асқар Мұратұлы сөзінше, мұндай орталықтардың негізгі қызметі - ақылы учаске бойынша пайдаланушыларға кеңес беру, егжей-тегжейлі ақпарат беру, абоненттік төлемді ресімдеу.
2021 жылғы 23 қарашадан бастап Республикалық маңызы бар бірінші санатты автожолдардың 7 учаскесінде . Атап айтсақ, «Нұр – Сұлтан – Павлодар», «Қапшағай – Талдықорған», «Тараз – Қайнар», «Шымкент – Тараз», «Шымкент – Қызылорда», «Шымкент – Ташкент», «Щучинск-Көкшетау» жолдарында жүру үшін ақы алудың ашық жүйесі жұмыс істеп тұр, - деді ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Асқар Мұратұлы.