Әсима Бимендина: Болашағымыз жарқын болады деп сенемін

12 Қаңтар 2022, 13:17
1211
Бөлісу:
Әсима Бимендина: Болашағымыз жарқын болады деп сенемін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Talap» КЕАҚ президентінің кеңесшісі, белгілі ұстаз Әсима Бимендина ата-ана, ұстаз ретінде халықты балалардың қауіпсіздігін сақтауға шақырды.  

Президентіміз патриоттық сезімінің арқасында уақытылы шешім қабылдап, қазіргі таңда барлығы қалыпты өмір жағдайына келіп жатыр. Елімізде төтенше жағдай жарияланды. Енді барша халық осы талаптарды орындауымыз керек. Сабыр сақтауымыз керек. Президент халық үшін, еліміз үшін барлық жағдайды жасап жатыр. 30 жылда жеткен тарихымызды, жеткен жетістіктерімізді ешкім өшіріп тастай алмайды. Ол әр адам жұмысында, отбасында жауапкершілікпен қараса, сонда ғана барлығы дұрыс шешіледі деп ойлаймын. Біздің күшіміз – бірлікте. Сондықтан, құрметті халайық, ата-ана, ұстаз ретінде айтарым, балалардың қауіпсіздігін сақтауымыз керек. Балалардың болашағын ойлауымыз керек... Болашағымыз жарқын болады деп сенемін, – деді Әсима Бимендина elorda.info сайтына берген сұқбатында.

Өзгелердің жаңалығы