Ashyq-та тіркелген азаматтардың жеке ақпараттары қалай қорғалады?

21 Мамыр 2021, 12:01
1379
Бөлісу:
Ashyq-та тіркелген азаматтардың жеке ақпараттары қалай қорғалады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің цифрлық шешімдер департаментінің директоры Бекболат Молдабеков «Ashyq» қосымшасында тіркелген азаматтардың жеке ақпараттарының қорғалуына қатысты айтты.

«Ashyq» және «Aitu» қосымшалары бір уақытта жұмыс істемей қалатын жағдай болмайды. Егер ондай жағдай болса, онда ғимараттарға азаматтарды аталған қосымшаларсыз кіргізеді.

Оның сөзінше, коронавирус тоқтап, ешқандай шектеу болмай, жағдай қалыпқа келгеннен кейін бұл қосымшалардың қажеті болмайды.

 

Бұл қосымшаларды жасауға бюджеттен ешқандай қаржы бөлінген жоқ. Толықтай тегін жасалды. Себебі IT тұрғыдан қарағанда жобаны жасау оңай. Сканерлеу жүйесі арқылы. Бизнес тарапынан («Атамекен» ҰКП - ЦДИАӨМ) осы жобаны ұсынды. Оны алып, өзіміздің ұлттық операторлар мен қауіпсіздік оператордың контурына салдық. Себебі түрлі ақпараттар бар. Олардың таралып кетпеуі үшін өзіміздің қолымызға алдық, - деді департамент директоры.

 

Министрлік өкілінің сөзінше, бұл қосымшаларды жасауға ешқандай қосымша қаржы бөлінбеген.

Сонымен қатар ол «Ashyq» қосысшасын қолданушылардың жеке мәліметтерінің қауіпсіздігіне қатысты түсіндіріп өтті.

 

Ешқандай қауіп жоқ. Оны министр де айтты. Қазір бұл жоба «Ұлттық ақпараттық техногиялар» АҚ-да, яғни бізде. Бұл қалыпты контур. Сол себепті ол жерден ақпарат еш жерге тарап кетпейді, - деп айтты Бекболат Молдабеков.

 

Оның айтуынша, Ashyq-тың жұмыс істеу алгоритмі өте оңай. Қосымша өзінде ешқандай ақпарат сақтамайды.

 

QR-кодты сканерлеген немесе ЖСН нөмірін терген кезде ол автоматты Денсаулық сақтау министрлігінің базасына енеді. Ал қосымша тек ауырды не ауырмады деген статусты қана шығарады. Сол себепті ешқандай қауіп-қатер жоқ. Біріншіден, ақпарат сақтамайды. Екіншіден, ол ұлттық операторлар контурында, - деп атап өтті маман.

 


 

Өзгелердің жаңалығы