Ашық сағат алаңы. Шикізат өңдеу және тауар тасымалдау салаларындағы жаңашылдықтар түсіндірілді

19 Тамыз 2022, 17:48
1303
Бөлісу:
Ашық сағат алаңы. Шикізат өңдеу және тауар тасымалдау салаларындағы жаңашылдықтар түсіндірілді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Ашық сағат алаңы» жобасы аясында кезекті жиын өтті,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетовтің төрағалығымен өткен басқосуда Кеден одағы шеңберінде шикізат өңдеу мен жеңіл өнеркәсіп тауарларын тасымалдау мәселелері талқыланды.

Бейнебайланыс режимінде ұйымдастырылған жиында қайта өңдеу тауарларының қорытынды құжаттарын алу және «Атамекен» ҰКП беретін СТ-KZ сертификатын алу тетіктері басты назарға алынды.

Басқосу барысында министрлік өкілдері «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 449 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының салық төлеушісі алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу мерзімі сақталған жағдайда қосылған құн салығынан босатылатындығын атап өтті.

Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісінің бірі ретінде тиісті уәкiлеттi мемлекеттік органның тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы қорытындысын атауға болады.

ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті жеңіл, тау-кен, химия, ағаш өңдеу, машина жасау және құрылыс индустриясы сияқты өнеркәсіп

Тиісті уәкілетті мемлекеттік органның тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы қорытындысы мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс:

1) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тауарлар мен қайта өңдеу өнімдерінің атауы, сыныптамасы, олардың саны және құны;

2) қайта өңдеуге арналған шарттың күні мен нөмірі, қайта өңдеу мерзімі;

3) қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормалары;

4) қайта өңдеу сипаттамасы;

5) қайта өңдеуді жүзеге асыратын тұлға туралы мәліметтер.

Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу мерзімі алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге арналған шарттың талаптарына сәйкес айқындалады және алыс-беріс шикізатын есепке қабылдау және тиеп-жөнелту күнінен бастап екі жылдан аспайды.

2013 жылдан аталған функцияны автоматизациялау жұмыстары Е-лицензиялау порталында жүргізіледі. Қорытынды құжаттарды беруді жеделдету мақсатымен заңды тұлғалармен жұмыс істеу 2014 жылдан бастап электронды форматқа көшірілді.

Бүгінгі таңда  жеңіл өнеркәсіп саласындағы көптеген кәсіпорындар Ресеймен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Сонымен қатар олар алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстары жүйелеп, қолданыстағы заңнама шеңберінде қайта өңдеу тауарларының қорытынды құжаттарын ала алады.

Өзгелердің жаңалығы