Қашықтан жұмыс істейтіндерді бақылауға арналған бағдарламаларға сұраныс артты

31 Наурыз 2020, 12:54
1448
Бөлісу:
Қашықтан жұмыс істейтіндерді бақылауға арналған бағдарламаларға сұраныс артты

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Арнайы бағдарламалар жұмыскерлер кірген сайттар мен басқан пернетақта батырмаларын анықтап, экранды суретке түсіреді, деп жазады Bloomberg.

Менеджерлер мұндай бағдарлама орнату қызметкерлердің жұмысқа деген тиімділігін жақсы бақылауға мүмкіндік беретінін айтады.
Біз кейбір қызметкерлердің икемді жұмыс режимін әділетсіз пайдаланғанын байқадық, - дейді Axos Bank басшысы Грегори Гаррабрантс.

Оның сөзінше, бақылау орнатылмас бұрын жұмыскерлер жұмыстың маңыздылығын ескермей, кезекті еңбек демалысын алғандай қараған. 

Гаррабрантс компания енгізген "қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлерді қатаң бақылау" шарасы қызметкерлердің сапа және өнімділік стандартына сай жұмыс істеуі үшін жасалып отырғанын ескертті. Алайда, мұндай бақылау бағдарламасы орнатылған қызметкерлер мұны құпиялылықты бұзу деп есептейді. Себебі, өз үйінде олардың әр қадамы бақылауға алынған.

Коронавирус пандемиясы салдарынан InterGuard, TimeDoctor, Teramind, VeriClock, innerActiv, ActivTrak және Hubstaff сияқты бірнеше бақылау бағдарламасын орнатуға сұраныс артқан. Бұлардың барлығы монитор функциясын бақылап, өнімділік көрсеткіштерін қадағалайды, сондай-ақ, жіберілген электронды хаттардың тізімін жасайды. 

Ал, біздің елде "Сергек" камералары жүргізушілердің қайда барғанын бақылап отырады.


Өзгелердің жаңалығы