Қашықтан оқыту форматында оқушыларды бұрынғыдай бағалауға мүмкіндік жасадық – БҒМ

10 Қыркүйек 2020, 14:49
1234
Бөлісу:
Қашықтан оқыту форматында оқушыларды бұрынғыдай бағалауға мүмкіндік жасадық – БҒМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ОКҚ-де өткен онлайн брифингте айтты.

4 тоқсанда қашықтан оқыту болғандықтан, сұраныстардың 70-80%-ы дәл осы бағалауға қатысты болды. Қашықтан оқыту кезінде ата-ана баланың қай жерде екенін, қандай тақырыптарды игеріп жатқанын және нені білмейтінін көрмеу ата-аналар үшін ыңғайсыз екені. Яғни, оқушыға тапсырма беріледі, ол нәтижені тек СОР және СОЖ жиынтық бағалау түрінде көреді, ал ата-аналар күн сайын баланың белгілі бір бағалауын көргісі келеді, - деді министр Асхат Аймағамбетов.
Осы орайда, әдіскерлермен бірлесеп бағалаудың жүйесін пысықтағанын айтты министр.
Сондықтан әдіскерлер мамандармен бірге жаңа оқу жылына дайындық кезінде ата-аналар мен балаларға ыңғайлы болу үшін қашықтан оқыту форматында біз мұғалімдерге бұрынғыдай күнделікті бағалауға мүмкіндік жасадық, - деп айтты ол. 
Аймағамбетовтің сөзінше, бұл мұғалім күн сайын баға қоюы керек деген мағынаны білдірмейтінін айтты.
Бұрынғыдай 5 балдық дәстүрлі бағалау жүйесімен, егер сыныпта 25 бала болса, мұғалім барлық 25 балаға баға қоймаған болатын. Дәл осындай жағдай бізде де бар. Егер 2 миллионға жуық сабақ өткізіледі десек, оның 700 мыңға жуығы бағаланғанын көріп отырмыз. Сондықтан, қашықтан оқыту кезінде бұл кері байланыс мүмкіндігі ретінде бағалау қажет, - деді ол.
Сондай-ақ министр бағалау академиялық адалдық мәселесі екеніне тоқталды.
Бағалаудың объективтілігінде ешқандай проблемалар болмауы керек. Бұл академиялық адалдық мәселесі, - деп айтты Асхат Аймағамбетов ОКҚ-дегі онлайн брифинге.
Өзгелердің жаңалығы