Қашықтан оқыту барысында 7118 компьютер мұқтаж отбасыларға берілді

4 Мамыр 2020, 18:18
1747
Бөлісу:
Қашықтан оқыту барысында 7118 компьютер мұқтаж отбасыларға берілді
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазір Нұр-Сұлтан қаласында жалпы саны 182 279 мың бала оқитын 117 мектеп бар. Оның ішіне 91 мемлекеттік, 22 жеке меншік, 1 республикалық физика-математика және 3 Назарбаев зияткерлік мектебі кіреді. Мұндай ақпаратты Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасы басшысы Шолпан Қадырова онлайн брифинг барысында атап өтті.

Қашықтан оқудың нәтижелі болуы мақсатында оқушылар мен педагогтардың компьютерлермен және интернет желісіне қолжетімділікпен қамтамасыз етілуіне мониторинг жүргізілді.  Мектеп балансындағы 7118 компьютер көп балалы және аз қамтылған отбасыларындағы 6500 оқушыға және қажеттілік танытқан 618 педагогтерге уақытша пайдалануға берілді. Сонымен қатар, қосымша 2 613 ноутбук және интернетпен қамтамасыз ету үшін 5 200 флеш-карта  сатып алынды, - деді басқарма басшысы.
Бұл қаражат 1-4 сыныптардың тамақтануын ұйымдастыруға үнемдеу есебінен пайдаланылды, сондай-ақ қалған сомасы бейнебақылауды қамтамасыз етуге бағытталғандығын айта кетті.
Қашықтықтан оқыту кезінде қолдау көрсету үшін 6 қызметкерден тұратын Call-орталық жұмыс істейді, сондай-ақ әр мектепте техникалық координаторлар жұмыс атқарады, - деді басқарма басшысы Шолпан Қадырова.

Өзгелердің жаңалығы