АШМ сәбіз экспортына салынған тыйымды алып тастады

1 Ақпан 2022, 22:00
1777
Бөлісу:
АШМ сәбіз экспортына салынған тыйымды алып тастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұсынысымен ақпан-сәуір аралығында сәбіз экспортына салынған тыйым тоқтатылды, деп хабарлайды 24.kz.

Сәбіз экспортына тыйым салыну бірінші кезекте аталған өніммен ішкі нарықты толтыру, халықты аталған өніммен қолжетімді бағада қамтамасыз ету мақсатында енгізілді. Бұл ретте көкөніс сақтау қоймаларына жүргізілген скрининг республикадағы сәбіздің қоры 242,9 мың тоннаны екенін анықтады. Оның 70%-ы жеке қосалқы шаруашылықтардың қолында. Азық-түлік тауарларының рационалды тұтыну нормаларына сәйкес, ақпан-сәуір айларында қазақстандықтарға 144,7 мың тонна сәбіз қажет. Яғни қамтамасыз етілу 241% деген сөз немесе 98,1 мың тонна сәбіз артық. Осы жайт және сәбіз сақтаудың оңтайлы мерзімінің қысқалығы экспорты тыйымын жоюға мүмкіндік береді, – деп жазылған министрліктің баспасөз қызметі ұсынған түсіндірмеде. 

Министрлік «Сарыағаш станциясы» кеден бекеті қызметкерлерінің 40 вагон картопты елден шығармай ұстау фактісі туралы да мәлімет берді. 

Бұл партияның фитосанитарлық сертификаттарын тексеру кезінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің мемлекеттік инспекторлары сәбіз экспортына тыйым енгізілгенге дейін берілгені анықталды. Осыған байланысты министрлік атынан аталған тауарларды әкетуге ешқандай кедергілер болмаған. Яғни бұл тауарлар заңнама нормаларына сәйкес болғандықтан ҚР аумағынан шығарылуы тиіс еді. Осыған орай ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараты бойынша қазіргі уақытта аталған көлемдерді Қазақстан аумағынан шығару бойынша шаралар қабылданды, – делінген ведомство мәліметінде.

Өзгелердің жаңалығы