АШМ биыл фитосанитариялық талаптарды сақтамаған экспорттаушы елдерге 165 нотификация жіберген

21 Маусым 2022, 16:05
1286
Бөлісу:
АШМ биыл фитосанитариялық талаптарды сақтамаған экспорттаушы елдерге 165 нотификация жіберген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Алмабек Марс мәлімдеді. 

Оның айтуынша, 2021 жылдың корытындысы бойынша карантиндік фитосанитариялық бақылау нәтижесінде жалпы салған айыппұл соммасы – 455 млн теңгені құрап, 6,1 мың заңбұзушылық анықталған.

Биыл карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу кезінде өсімдіктер карантині саласында 1,8 мың заң бұзушылық анықталды, нәтижесінде 137 млн теңге сомасына әкімшілік айыппұлдар салынды. Анықталған бұзушылықтар бойынша 460 жағдайда өнім экспорттаушы елге кері қайтарылды. Өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін Комитет экспорттаушы елдерге өнімді жеткізу кезінде бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптарын сай келмегені туралы 2021 жылы – 792, 2022 жылы - 165 нотификация жіберді, - деп атап өтті ведомство өкілі. 

Сонымен қатар ол нақты қай мемлекеттерге нота жіберілгеніне тоқталды. 

Ресей Федерациясына - 641, Өзбекстан Республикасына - 45, Иран Ислам Республикасына – 22, Түркіменстанға – 19, Әзірбайжан Республикасына – 17, Қырғызстан Республикасына – 13, Түркияға - 10, Германияға – 8, Тәжікстанға - 4, Қытай Халық Республикасына – 4, Нидерландыға – 3, Францияға – 3, Литваға – 1, Кенияға-1 және Эквадорға-1. Оның ішінде 37 нотификация карантиндік объектілердің анықталуына байланысты жіберілді. Бұл карантиндік  организмдер республика аумағына әкелу кезінде анықталып, осы келген жүктер зақымдалган. Жалпы 332,0 тонна арта өнім кері қайтарылды, - деді Алмабек Марс. 

Белгілі болғандай, Литвадан төрт факті тіркелеп, импорталған гүлден карантиндік зиянкес батыс гүлдер трипсі аныкталған. 

35,0 мың дана хрезантема және роза гүлдеріне тиісті нұсқама беріліп, тәркіленіп жойылды. Сонымен катар Нидерланды елінен әкелінген 40 кг сәбіз тұқымында каратиндік ауру зебра чип анықталып, жүк толық жойылған, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы