АШМ 24 зертханасын Денсаулық сақтау министрлігіне пайдалануға береді

23 Шілде 2020, 08:48
1095
Бөлісу:
АШМ 24 зертханасын Денсаулық сақтау министрлігіне пайдалануға береді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауыл шаруашылығы министрлігі 24 ветеринарлық зертхананы 26 ПТР жабдығымен бірге Денсаулық сақтау министрлігіне уақытша пайдалануға береді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Гүлмира Исаева айтты, деп хабарлайды 24.kz.

Аудандар мен ауылдық жерлердегі зертхана ғимараттары COVID-19 вирусына қарсы ПТР-зерттеу жүргізу үшін қолданылады. Осыған байланысты еліміздің 11 аймағында орналасқан 24 ветеринарлық лабораторияның нысаналы мақсаты келер айдан бастап белгілі бір мерзімге дейін өзгертіледі. Сонымен қатар шалғайдағы ауылдық жерлерде диагностикалық зерттеулер жүргізу үшін жылжымалы ветеринарлық зертхана ұсынылады.

Осы мақсатта Ауыл шаруашылығы министрлігі Республикалық ветеринарлық зертханадан және Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығынан 67 білікті маманды іссапарға жібереді.

Пайдалануға берілетін барлық тест орыны зертханалардың екінші қабатында орналасады. Олардың жеке кіреберістері, санитарлық қақпалары және биологиялық қауіпсіздік жәшіктері бар. Ветеринарлық зертханалардың бірінші қабатында негізгі бағыттар бойынша жұмыстар жалғаса береді. Микроорганизмдердің патогенділігі II-IV топтарымен жұмыс істеу талаптарына сәйкес келеді, - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Гүлмира Исаева.


Өзгелердің жаңалығы