Әшімбаев жаңа Парламенттің алдында тұрған міндеттерді атады

11 Сәуір 2023, 10:19
510
Бөлісу:
Әшімбаев жаңа Парламенттің алдында тұрған міндеттерді атады
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Бұл туралы жоғарғы палатаның төрағасы Мәулен Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айта кетерлігі, VIII сайланған Парламенттің І сессиясындағы алғашқы Сенат отырысы өтіп жатыр.

Сессиясының ашылуына Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, бірқатар өзекті әрі маңызды мәселелерді көтерді. Президентіміз Парламент пен Үкіметке нақты міндеттер жүктеді. Соған сәйкес, кеше палата бюросының отырысында жаңа сессияға арналған жұмыс жоспарын бекіттік. Жалпы, заңдарды қарау кезінде талқылау процестерін барынша ашық, инклюзивті жария түрде өткізуіміз керек. Бұл қадам Парламенттің ашықтығын арттыруға септігін тигізетіні сөзсіз, - деп атап өтті Сенат спикері.

Айтуынша, Парламент алға қойылған бастамаларды жүзеге асыру барысында мүдделес тараптармен бірігіп жұмыс істеуге мүдделі.

Президентіміздің бастамаларын сапалы әрі уақытылы жүзеге асыру үшін Мәжіліспен, Үкіметпен, сарапшылармен және басқа да мүдделес тараптармен бірлесіп жұмыс істейміз. Сондай-ақ өңірлерге барып, халықпен кездескен кезде көтерілген мәселелер, елдің мұқтажы палатаның жұмысына негіз болуы қажет. Өздеріңіз көріп отырғандай, алдымызда ауқымды жұмыстар тұр. Сессия барысында бәріміз бірлесіп ел мүддесі үшін еселі еңбек етеміз деп сенемін, - деді Мәулен Әшімбаев.

Өзгелердің жаңалығы