Әшімбаев қазақстандықтарды «Birge – taza Qazaqstan» акциясына қатысуға шақырды

23 Сәуір 2022, 13:47
1395
Бөлісу:
Әшімбаев қазақстандықтарды «Birge – taza Qazaqstan» акциясына қатысуға шақырды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев «Birge – taza Qazaqstan» республикалық акциясына қатысты.

Қазіргі таңда әлем бойынша экология мәселесі өте өзекті. Соған байланысты табиғатты қорғауға, қоршаған ортаны таза ұстауға арналған көптеген жоба қолға алынып жатыр. Ондай игі бастамалар Қазақстанда да тұрақты түрде іске асырылып келеді. Солардың бірі – қазір еліміз бойынша өтіп жатқан «Birge – taza Qazaqstan» республикалық акциясы. Бүгін осы бастама аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен жалпықалалық сенбілікке қатысып, елордамызды көгалдандыруға өз үлесімізді қостық, - деді Сенат спикері.

Әшімбаев қазақстандықтарды «Birge – taza Qazaqstan» акциясына қатысуға шақырды
Әшімбаев қазақстандықтарды «Birge – taza Qazaqstan» акциясына қатысуға шақырды

Әшімбаев атап өткендей, экология мәселесіне Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев үнемі баса мән беріп келеді. Мемлекет басшысының бастамасымен жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Солардың бірегейі – «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы. Бұл жоба табиғатты қорғаумен бірге азаматтарымыздың осы бағыттағы мәдениетін қалыптастыруды көздейді. 

Әшімбаев қазақстандықтарды «Birge – taza Qazaqstan» акциясына қатысуға шақырды

Бүгінгідей акциялар мен оған халықтың жаппай қатысуы соның нақты нәтижесі. Бұл бағытта Парламент Сенаты да айтарлықтай жұмыс атқарып жатыр. Президентіміздің тапсырмасымен «Экологиялық кодексті» қабылдадық. Соған сәйкес қоршаған ортаға залал тигізген кәсіпорындардың жауапкершілігі күшейтілді. Заңсыз ағаш кескені үшін салынатын айыппұлдың көлемі артты. Тіпті келтірілген шығынның көлеміне байланысты қылмыстық жауапкершілік қарастырылды. Мұның бәрі табиғатты қорғау жолындағы нақты қадамдар екені сөзсіз, - деп жазды Мәулен Әшімбаев Facebook-те.

Әшімбаев қазақстандықтарды «Birge – taza Qazaqstan» акциясына қатысуға шақырды

Сенат төрағасы 22 сәуірде Арал қаласында өткен Қазақстан Парламенті Сенаты мен Өзбекстан Олий Мажлисі Сенаты арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның отырысы да экология мәселесіне арналғанын атап өтті. 

Әшімбаев қазақстандықтарды «Birge – taza Qazaqstan» акциясына қатысуға шақырды

Бұл жиында екі елдің сенаторлары Арал проблемасына назар аударып, оны бірлесіп шешу жолдарын талқылады. Алдағы уақытта да Сенат бұл бағыттағы жұмысын жалғастыра береді.

Әшімбаев қазақстандықтарды «Birge – taza Qazaqstan» акциясына қатысуға шақырды

Осы ретте барша қазақстандықты «Birge – taza Qazaqstan» акциясына қатысуға шақырамын. Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың міндетіміз. Сондықтан осындай бастамаларға бейжай қарамай, белсенділік танытайық, - деп атап өтті ол.

Өзгелердің жаңалығы