Әшімбаев мұнайдың жоғары бағасының есебінен ғана экономиканың өсіміне наразы болды

5 Мамыр 2022, 12:26
1293
Бөлісу:
Әшімбаев мұнайдың жоғары бағасының есебінен ғана экономиканың өсіміне наразы болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында палата төрағасы Мәулен Әшімбаев үш жылдық бюджетті қарау барысында геосаяси шиеленіс жалғаса беретінін еске салды. 

Ал мұндай жағдайда Қазақстан оларға дайын болуы және экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін ішкі ресурстарды іздеуі керегін айтты.

Бүгінде экономиканы несиелендіру ішкі жалпы өнімнің 25% деңгейінде қалып отыр. Азды-көпті дамушы елдерде бұл көрсеткіш 60-70% деңгейінде. Мысалы, Сингапурда, Кореяда, бірқатар Еуропа елінде – 150%. Осы жылдар бойы біз экономикамызды несиелендірумен айналыстық. Бұл үшін шамамен 14% жоғары пайыздық мөлшерлеме де жұмыс істейді. Бұл Үкіметтің инфляцияны тежеудің негізгі тетігі екенін түсінеміз. Бірақ сыртқы тәуекелдер сақталатын болса, онда біз мұндай жоғары пайыздық мөлшерлемемен экономиканы дамыта алмаймыз, – деді Сенат спикері.

Әшімбаев сондай-ақ соңғы жылдары Қазақстанның жоғары базалық мөлшерлемені сақтап қалғанына назар аударды. Бұл ретте кәсіпкерлік субъектілерінің пайыздық мөлшерлемесін республикалық бюджеттен субсидиялау мәселесі қарастырылып отыр.

Бір жағынан, банктер экономикаға несие бермейді немесе жоғары пайызбен несие бермейді. Екінші жағынан, біз халықтың мемлекет ақшасы арқылы ШОБ үшін пайыздық мөлшерлемені субсидиялаймыз. Бір ғана «Даму» қоры арқылы биыл 170 миллиард теңге бөліп отырмыз. Осылайша біз жоғары пайыздық мөлшерлемені сақтаймыз, ал бюджеттен шығыстар осы пайыздық мөлшерлемені төмендетуге кетеді. Біз қандай да бір «тұйық шеңберге» тап болдық, - деп айтты Мәулен Әшімбаев.

Сенат төрағасы бұл жағдай Үкіметтің бұл ахуалға қанағаттанғандықтан мүмкін болғанына сенімді.

Бұл жағдай мемлекеттік органдарға да, банктерге де қолайлы сияқты. Өйткені тәуекел аз, жауапкершілік аз. Ал шикізат компанияларының, мұнай мен металдың қымбаттауының есебінен экономиканың қандай да бір деңгейін қамтамасыз етіп жатқан сияқтымыз. Экономиканы несиелендіруге деген көзқарасты қалыптастырып, бұл көрсеткішті Батыс және Азия елдеріне жеткізетін уақыт жетті емес пе?, - деді ол.

Мәулен Әшімбаев бұл мәселені Үкіметтің маусым айында өтетін алдағы баяндамасында одан әрі қарауды ұсынды. 

Өзгелердің жаңалығы