Әшімбаев Әнұранның авторларына қатысты пікір білдірді

28 Желтоқсан 2023, 11:51
473
Бөлісу:
Әшімбаев Әнұранның авторларына қатысты пікір білдірді
Фото: Арман Мухатов - архив

Сенаттың жалпы отырысының кулуарында палата төрағас Мәулен Әшімбаев Әнұран авторлығына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Кулуарда журналист «Әлеуметтік желіде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты әнұран авторлығынан алып тастауға қатысты ақпарат жарияланып жатыр. 2024 жылы «Авторлық құқықты қорғау туралы» заң қарастырылғанда Әнұран авторлығынан Нұрсұлтан Назарбаевтың атын алып тастау мүмкін бе?» деген сұрақ қойды.

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев бұл сұраққа өщ ойын айтты.

Бұл мәселеге әріптесіміз бірнеше рет жауап берген. Бұл қазір депутаттар айналысатын ең өзекті мәселе емес шығар. Реформаға қатысты көптеген мақсат бар... Осы қыстан дұрыс өтуіміз керек. Бұл мәселеге әріптесіміз де жауап берді ғой, - деді Әшімбаев.

Кеше Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов осы сұраққа жалпы отырыстың кулуарында жауап берген болатын. 

Өзгелердің жаңалығы