Ашхабадта Қазақстан-Түрікменстан Үкіметаралық комиссиясының отырысы өтті

21 Желтоқсан 2021, 09:33
1121
Бөлісу:
Ашхабадта Қазақстан-Түрікменстан Үкіметаралық комиссиясының отырысы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 20 желтоқсанда Ашхабад қаласында (Түрікменстан) Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярдың және Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Ч. Гылыджовтың тең төрағалығымен экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Түрікменстан Үкіметаралық комиссиясының 11-отырысы өтті. 

Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі забарлады. 

Комиссия отырысы барысында қатысушылар екіжақты ынтымақтастықтың күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, соның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын, көлік және коммуникациялар, қаржы және инвестиция, ауыл шаруашылығы, су шаруашылығы және басқа да салалардағы өзара іс-қимылды талқылады. Қоршаған ортаны қорғау, құрылыс, мәдениет және туризм, денсаулық сақтау, білім және ғылым, сондай-ақ газ және әлеуметтік және еңбек салалары қарастырылды.

Түрікменстан Қазақстанның Орталық Азиядағы маңызды сауда серіктестерінің бірі. Биылғы жылдың 11 айының қорытындысы өзара сауданың қарқынды өскенін айғақтайды.

Ашхабадта Қазақстан-Түрікменстан Үкіметаралық комиссиясының отырысы өтті

Кездесу қорытындысы бойынша Экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Түрікменстан үкіметаралық комиссиясының 11-отырысының хаттамасына қол қойылды.

 

Өзгелердің жаңалығы