Асхат Тағыберген «Ақтөбеге» ауысуы мүмкін

2 Желтоқсан 2023, 20:06
687
Бөлісу:
Асхат Тағыберген «Ақтөбеге» ауысуы мүмкін
Фото: Архив BAQ.KZ

«Ордабасы» мен Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген шымкенттік клубқа ауысар алдында 2013-2015 жылдары ойнаған «Ақтөбеге» қайта оралуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ақтөбе» мен үшін ерекше. 2013 жылы Айымбетов жеңіс голын соққан кезде мен сонда бірінші чемпион атандым. Әйелім екеуміз сол жерден жас жұбайлар ретінде бірінші пәтерімізді алдық, қызымыз дүниеге келді. Сол жерде барлық қиындықтан өттік. Биылғы жылдың басында «Ақтөбе» мені шақырды, Карпович командада көргісі келді, бірақ олар басшылықпен шарттар бойынша келісе алмады. Ал біз сонда тұрғымыз келді, – деді Тағыберген.

Айта кетейік, Асхат 2013 жылдан 2015 жылға дейін «Ақтөбе» сапында ойнап, онымен бірге чемпиондық титулды жеңіп алды, және 2014 жылғы Қазақстан Суперкубогының иегері атанды.

Өзгелердің жаңалығы