Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның (ЖСДП) төрағасы Асхат Рахымжанов Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша жарияланған exit poll-дың алдын ала нәтижелеріне қатысты пікір білдірді.
Exit poll деректеріне сәйкес, ЖСДП алғашқы Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 5%-дан астам қолдауына ие болды.
Партия төрағасы бұл көрсеткішті сайлаушылардың сенімі әрі партияға жүктелген үлкен жауапкершілік деп бағалады.
«Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл – үлкен жауапкершілік», – деді Асхат Рахымжанов.
Ол ЖСДП-ға дауыс берген қазақстандықтарға, сондай-ақ сайлау науқаны барысында партиямен бірге жұмыс істеген белсенділер мен еріктілерге алғыс білдірді.
Партия сайлаудың ресми қорытындысын күтетінін атап өтті. Құрылтай сайлауының түпкілікті нәтижесін Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы жариялайды.