Асхат Аймағанбетов Жетісу облысындағы білім беру нысандарын аралады

4 Қараша 2022, 16:30
1024
Бөлісу:
Асхат Аймағанбетов Жетісу облысындағы білім беру нысандарын аралады

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағанбетов өз парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жетісу облысы, Сарыөзек ауылына келіп, тұрғындармен есеп беру кездесуін өткізген министр білім саласына қатысты маңызды мәселелерге тоқталды.

Есеп беру кездесуі екі сағатқа жуық уақытқа созылды. Жиында атқарылып жатқан жұмыстар жайында айтып, ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап беруге көбірек уақыт бөлуге тырыстым. Ата-аналарды, әріптес мұғалімдерді, мектеп директорларын алаңдатқан мәселелер - мұғалімдердің сағат жүктемесі, директорлардың ротациясы, түлектерді жұмысқа орналастыру, мектептердің әлеуетін арттыру, колледж біліміне гранттарды бөлу тетігі,-деп жазады министр.

Асхат Аймағанбетов Жетісу облысындағы білім беру нысандарын аралады

Сондай-ақ балабақшалардағы өзекті мәселелер туралы да сөз етілген. Министр ауыл тұрғындарына білім саласына танытқан қамқорлықтары үшін алғысын жеткізді.

 Есеп беру кездесуден кейін министр ауылдағы Күреңбел мектебі мен «Ай-Сана» балабақшасына барды. Онда 900 орынға есептелген мектепте 875 бала оқып жатыр. Жазбада министр ең бірінші қандай мәселелерге назар аударғанын айтады.

Асхат Аймағанбетов Жетісу облысындағы білім беру нысандарын аралады

Бірінші кезекте қауіпсіздік жұмысының қалай ұйымдастырылғанын, бейнебақылау камераларының және «дабыл түймелерінің» жұмысын, т.б. көрдім. Дабыл түймесін басқаннан кейін мектепке жедел жеткен полиция қызметкерлерін мазалауға тура келді, бірақ оқушылардың қауіпсіздігі өте маңызды. Сонымен қатар оқу кабинеттерін, кітапхананы, асхананы қарап шықтым. Әріптестеріммен сөйлесіп, санат беру, есептілік, ҰБТ өткізу және т.б. мәселелерді талқыладық,-дейді ол.

Жалпы, бұл облыстарға министр жасаған алғашқы сапар емес. Алдағы уақытта да басқа облыстарда білім беру нысандарын аралап, анықталған ескертулер бойынша тапсырмалар берілетінін айтады.

Өзгелердің жаңалығы