Асхат Аймағамбетов оқушылар тапталып қала жаздаған мектептегі жағдай туралы айтты

6 Қыркүйек 2023, 12:43
948
Бөлісу:
Асхат Аймағамбетов оқушылар тапталып қала жаздаған мектептегі жағдай туралы айтты
Фото: Арман Мухатов - Архив

Астаналық мектептің бірінде тапталып қала жаздаған оқушыларға қатысты депутат Асхат Аймағамбетов пікірін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мұндай мәселер болғанда ең алдымен нені ескеруіміз керек? Үлкен қалаларды салғанда көптеген көпқабатты үй тұрғызылады. Егер әлеуметтік инфрақұрылым болмаса, онда көпқабатты үйлерді салуға рұқсат берілмеуі керек. Бізде жақсы мектептер салынады. Оларды салғанда алдында қанша үйге қанша мектеп керегін болжайды. Бірақ салынған мектеп заң бойынша бірауысымда жұмыс істеуі керек, - деді депутат.

Сөзінше, мектептің жанына 5-6 көпқабатты үй салынғаннан кейін ол бір жылдың ішінде үшауысымды болып кетеді.

Мұндай үшауысымды мектептерде сапалы білім беру мүмкін емес. Сол себепті депутат ретінде тиісті норманы заңға енгізіп жатырмыз. Мысалы, көпқабатты үйді салар кезде бірінші кезде әлеуметтік инфрақұрылым болу керегі. Егер ол жеткіліксіз деңгейде болса, онда көпқабатты үйлерді салуға рұқсат берілмеуі керек. Міне, осындай норма болмағандықтан үлкен мегаполистерді сондай үйлерді салуға рұқсатты беріп жатыр, - деп айтты Асхат Аймағамбетов.

Ол депутаттар рұқсат бермеу нормасын енгізу бойынша жұмыс істеп жатқанын қоса кетті. Сөзінше, бұл жүйелі шешім болады.

Астана қаласының білім басқармасы елордалық мектептің дәлізінде балалардың топтап жиналып, басылып қалған жағдайына қатысты түсініктеме берген болатын. 

Өзгелердің жаңалығы