Асхат Аймағамбетов Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды

11 Маусым 2022, 14:13
4788
Бөлісу:
Асхат  Аймағамбетов Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Асхат Қанатұлы Аймағамбетов Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды. 

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Асхат Қанатұлы Аймағамбетов Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі лауазымынан босатылсын,- делінген хабарламада.

1982 жыл  Қарағанды облысында туған.

2003 жылы Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ тарих факультетін «тарихшы, тарих мұғалімі» біліктілігі бойынша тәмамдаған.

2006 жылы – Қарағанды «Болашақ» актуалды білім беру институтының заң факультетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2002 жылы Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ-ден бастаған

 2004-2005 жылдары «Аңсар» жастар лигасы» ҚБ төрағасы 

2005-2006 жылдары «МЕДИА СП» ЖШС директоры, 

2006-2012 жылдары – Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ саясаттану және әлеуметтану кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті ретінде қызмет атқарған. 

2012-2014 жылдары Нұра ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 

2014 жылғы ақпан айынан бастап 2017 жылғы тамызыға дейін – Қарағанды облысы Білім беру басқармасының басшысы лауазымын атқарған.  

2003-2012 жылдар аралығында Қарағанды қалалық мәслихатының III және IV шақырылымдарының депутаты, қала мәслихатының әлеуметтік мәселелер бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы болып сайланған.

2017 - 2019 жылдары ҚР білім жəне ғылым вице-министрі қызметін атқарған.

2019 жылдың көктемінен бастап Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылғы 13 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Асхат Аймағамбетов Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі болып тағайындалды. 

2022 жылдың 5 қаңтарында Мемлекет басшысының Жарлығымен Үкімет толық құрамда отставкаға кетті. 

2022 жылдың 11 қаңтарында Президент Жарлығымен Білім және ғылым министрі болып қайта тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы