Асхат Аймағамбетов мектепте орамал тағу мәселесіне қатысты ойын айтты

6 Маусым 2022, 18:43
4731
Бөлісу:
Асхат Аймағамбетов мектепте орамал тағу мәселесіне қатысты ойын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектепте орамал тағу мәселесіне қатысты ойын айтты. Бұл туралы ведомство басшысы БАҚ-қа берген сұхбатында көтерді.

Аймағамбетов мектептерде орамал тағу мәселесі тек біздің елде ғана емес, басқа да бірқатар елде үнемі қызу талқыланып келе жатқанын айтты. 

Бірақ Қазақстан – зайырлы мемлекет және мектеп те зайырлы мекеме. 2016 жылы қабылданған бұйрықта талаптар көрсетілген. Дегенмен әртүрлі топтардың инклюзивтілігін қамтамасыз ету маңызды екенін көріп отырмыз. Мысалы, басына орамал тағу мүмкіндігі болмағандықтан ата-анасы сабаққа жібермейтін қыздардың мәселесін алып қарауға болады. Осындай себептерге байланысты балалар мектепке бармаса немесе қашықтан оқуға көшуге мәжбүр болса, онда ол кері әсерін тигізеді. Жалпы біз инклюзивті қоғам болуымыз керек, - делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы