Асхат Аймағамбетов балаларға арналған қызықты кітап туралы айтты

24 Сәуір 2022, 11:01
2895
Бөлісу:
Асхат Аймағамбетов балаларға арналған қызықты кітап туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балаларға арналған қызықты кітаппен бөлісті. Бұл туралы ведомство басшысы Facebook-тегі парақшасында жазды.

Wonder деп аталатын киноны алғаш рет 2017 жылы көрдім. Бұл туындыны көргенде ерекше әсер алдым. Кейін оның кітабын алып, ұлым екеуіміз оқи бастадық. Шынымды айтсам, киносын көріп алғаннан кейін үлкен әсер аламын деп ойламадым, - дейді министр.

Асхат Аймағамбетов балаларға арналған қызықты кітап туралы айтты

Аймағамбетов кітапты бірінші бетін ашқан сәттен бастап барлығын ұмытып, басынан аяғына дейін бір деммен оқып шыққанын айтады.

Біресе күлкілі болса, сәлден кейін аянышты… Басынан аяғына дейін осындай эмоция толқынына бірде көтеріліп, бірде түсесің. Сондай мейірімді, шынайы, жүрекке жылы, тәрбиелік маңызы бар, өнеге аларлық туынды. Балаларға арналған болса да, менің ойымша, оны барлық жастағы адамға оқуға қызықты болады. Кітап көрмесінде осы кітапты қазақ тілінде көргенде қатты қуандым, - деп жазды ол.

Сөзінше, негізі осындай әдебиеттің тәрбиелік рөлі ерекше. Сондықтан мектептегі тәрбие жұмысы балалардың әдеби кітаптарды оқуына да байланысты. «Оқуға құштар мектеп» жобамыздың маңыздылығы да осында.

Өзгелердің жаңалығы