Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әсет Исекешев Президенттің көмекшісі болып тағайындалды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымынан босатылсын, - делінген хабарламада.