Әсет Ерғалиев кәсіпкерлерге қандай жеңілдіктер жасалатынын айтты

5 Қараша 2021, 15:47
979
Бөлісу:
Әсет Ерғалиев кәсіпкерлерге қандай жеңілдіктер жасалатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев жауап берді.

Министр «Кәсіпкерлердің өсуін жеделдету» бағыты бойынша кәсіпкерлерге әкімшілік жүктемені азайту жоспарланғанын мәлім етті.

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін «Бизнеске арналған үкімет» порталына интеграциялау 2025 жылы ШОБ субъектілері үшін көрсетілген мемлекеттік қызметтер үлесін 40%-ке дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және кепілдік беру қарастырылады, – деді ол.

Оның атап өтуінше, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар бөлу ауылда 55 мың жаңа кәсіпкерлік субъектісін құруға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге қаржылық қолдау шарасы кәсіпкерлік субъектілерінің 52 мыңнан астам жобасы ұсынылғанын айтты.

Ұлттық тауар өткізу желісін қалыптастыру бойынша жұмыс жалғасады. Бөлу, сату және сақтауға арналған 24 көтерме-тарату орталығын құру; 5 трансшекаралық сауда орталығынқұру мен жаңғырту; сондай-ақ, стационарлық форматта 103 сауда нысанын жаңғырту көзделуде. Нәтижесінде көп форматты сауда нысандарының саны 6-дан 132 бірлікке дейін артады, – деді Әсет Ерғалиев.

Өзгелердің жаңалығы