Әсем Нүсіпова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды

14 Ақпан 2022, 17:15
1354
Бөлісу:
Әсем Нүсіпова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Әсем Бекқызы Нүсіпова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әсем Нүсіпова 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, 1998 жылы осы университетте магистратураны бітірген.

2001-2003 жылдары — Қауіпсіздік Кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бөлімінің бас сарапшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінің жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы, сектор меңгерушісі.

2003-2007 жылдары ҚР қаржы министрінің кеңесшісі, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің қорытынды сараптау бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.

2007-2008 жылдары — ҚР денсаулық сақтау вице-министрі.

2008-2016 жылдары — «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.

2016-2019 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2020 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР денсаулық сақтау вице-министрі.

 

Өзгелердің жаңалығы