Асайын Байханов Павлодар облысының әкімі болып тағайындалды

7 Желтоқсан 2022, 11:53
2036
Бөлісу:
Асайын Байханов Павлодар облысының әкімі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Байханов Асайын Қуандықұлы Павлодар облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды.

Асайын Қуандықұлы Байханов Павлодар облысының әкімі лауазымына тағайындалсын, - делінген Жарлықта.

Асайын Қуандықұлы Байханов 1977 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген. 

2000 жылы Павлодар университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған. 

2005-2006 жылдары European Bank for Reconstruction and Development (EBRD) және «ProCredit Holding AG» неміс халықаралық банк холдингінің Корпоративтік квалификация арттыру Орталығында білімін жетілдірген. 

2017 жылы М.В. Ломоносов ат. Мәскеу мемлекеттік университетінде «Стратегиялық менеджмент және кәсіпкерлік» бойынша МВА дәрежесін алды.

Еңбек жолын 2000 жылы банк секторында Еуропа қайта құру және даму банкінің (EBRD) офисі Қазақстанда жүзеге асырған Қазақстанның шағын бизнесі бағдарламасы бойынша бастаған. 

2003 жылдан 2007 жылға дейін «ProCredit Holding AG» неміс халықаралық банк холдингінде бірқатар басшылық лауазымдарында қызмет атқарған. Киев қаласындағы «ПроКредит Украина» ЖАО-ның атқарушы директоры болған.

 2007 жылы А. Байханов Қазақстанға «Нұрбанк» АҚ Басқарма басшысы орынбасары қызметіне оралып, банктің филиалдық желісін кеңейту, аграрлы сала мен шағын және орта бизнесті несиелеу бағыттары бойынша жұмыс жасады.

2009-2015 жылдар аралығында ауылшаруашылығы саласында кәсіпкерлікпен айналысқан. 

2015-2020 жылдар «КазАгро» Ұлттық басқарма холдингі» АҚ тобындағы «КазАгроӨнім» АҚ квазимемлекеттік компаниясының Басқарма басшысының орынбасары болды. 

2020 жылғы наурыздан бастап Павлодар облысы әкімінің орынбасары лауазымында еңбек етті. Ауыл шаруашылығы, ауылдық аймақтарды дамыту, жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта мен су ресурстары, жер қатынастары, әлеуметтік қорғау және спорт мәселелеріне жетекшілік етті.

2021 жылғы 19 шілдеде Павлодар қаласының әкімі болып тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы