Асат Нұрпейісов ҚР Президентінің Іс басқарушысы болып тағайындалды

7 Ақпан 2024, 18:03
378
Бөлісу:
Асат Нұрпейісов ҚР Президентінің Іс басқарушысы болып тағайындалды
Фото: gov.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асат Болатұлы Нұрпейісов Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Нұрпейісов Асат Болатұлы 1987 жылы 18 шілдеде дүниеге келген. Ол 2010 жылы Прагадағы Нью-Йорк университетін «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша, 2012 жылы Еуропалық бизнес мектебін бітірген, MSc Global Banking and Finance «Халықаралық банк ісі және қаржы» магистрі. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Бақыт Үрістемұлы Әбілдинов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы