Аса ірі көлемде есірткі сақтаған Байзақ тұрғындары ұсталды

6 Қыркүйек 2022, 21:55
1053
Бөлісу:
Аса ірі көлемде есірткі сақтаған Байзақ тұрғындары ұсталды

Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Байзақ АПБ-мен бірлесіп осы ауданның «Ит өлген» жайылымына жақын аумақта жедел-іздестіру іс-шарасын өткізу кезінде жабайы сораны дайындап жатқан 33 және 35 жастағы екі жергілікті тұрғынды ұстады,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұстау орнына жақын маңдағы аумақты тексеру барысында жалпы салмағы 10 келiден асатын «кептірілмеген марихуана» есірткі заты табылды.

Күдіктілер кiнәсын мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен (аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл баппен 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, - деп хабарлады Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі А.Жұмабеков.

Өзгелердің жаңалығы