Асқар Мамин Шымкенттегі «Тұран» шағын ауданына барды

16 Наурыз 2019, 15:03
3933
Бөлісу:
Асқар Мамин Шымкенттегі «Тұран» шағын ауданына барды
Фото: автордан

Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Премьер-министр Асқар Мамин бастаған Үкімет мүшелері Шымкент қаласына іс сапарын «Тұран» шағын ауданынан бастады. Олар аталған шағын ауданның инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын жүргізу жобасымен танысты.

Қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан шағын ауданның жалпы алаңы – 1190 гектар. Шағын ауданның батыс жағы Бәйдібек би даңғылымен, солтүстігінде А-2 «Алматы-Термез» транзитті автокөлік жолымен шектеседі.

Асқар Мамин Шымкенттегі «Тұран» шағын ауданына барды

"Шымкенттің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын жүргізу және қаладағы көлік инфрақұрылымын жетілдіруге республикалық бюджеттен бөлінетін қаржы қарастырамыз. Бұл үшін бюджеттен арнайы жоспарланған қаржы бар. Шымкенттің төрт жағынан кіріп-шығатын магистралді жолдарды жетілдіруге, көпір құрылысына және қаланың әр бөлігін бір-бірімен байланыстыратын орталық жолдардың құрылысына мән береміз. Салалық министрліктерге соны қала әкімдігімен кеңесіп, қаржы бөлінуін шешуді тапсырамын",-деді Асқар Мамин.

Шағын ауданның инфрақұрылым тарту жұмыстары үш кезеңге бөлінген. Жалпы ұзындығы 33,7 шақырым болатын 13 магистральды автожолдың құрылысы қаралған. 13 жұмыс жобасы әзірленген.

Асқар Мамин Шымкенттегі «Тұран» шағын ауданына барды

Басқармасы басшысының айтуынша, негізгі магистраль Бәйдібек би даңғылынан 2-3 шақырым жерде «Адия» және «Отау Строй» тұрғын үй кешендері орналасқанын ескере отырып, бірінші кезеңде, жалпы ұзындығы 7,8 шақырым болатын №1, 2 және 7 көшелердің, 21 мың ш.м. жаяу жүргіншілер жолы мен 23 мың ш.м. веложолдың құрылысын бастау туралы шешім қабылданыпты. Жобаның жалпы құны 2,4 млрд теңгені құрайды. 925 млн теңге (37%) игеріліп, биылдың соңында пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Жұмысты «Отау Строй» ЖШС және «ЭнергоЭксперт» ЖШС мердігер мекемелер атқарып жатыр.

Екінші кезеңде жалпы ұзындығы 16,7 шақырым болатын, жаяу жүргіншілер және веложолдары бар 5 көшенің (№3, 4, 5, 6 және 10) құрылысы жоспарланыпты. Жобаны жүзеге асыру үшін, «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы бойынша, ҚР Ұлттық экономика министрлігіне 5,4 млрд теңге көлемінде қаржы бөлу үшін бюджеттік сұраныстар жіберілді.

Асқар Мамин Шымкенттегі «Тұран» шағын ауданына барды

Үшінші кезеңде жалпы ұзындығы 9,1 шақырым болатын қалған 5 көшенің (№8, 9, 11, 12 және 13) құрылысы қаралған. Жобаның құны – 1,9 млрд теңге.

Бұған қоса жалпы құны 10,4 млрд теңге сомаға сумен жабдықтау, су өткізу, электрмен және газбен жабдықтау желілерін тарту қажет.

Асқар Мамин Шымкенттегі «Тұран» шағын ауданына барды

Шағын ауданда көпқабатты тұрғын үйлердің, әлеуметтік және коммерциялық нысандардың құрылысы қарастырылған. Жеке үйлердің құрылысына 3046 учаске қаралған, салынғаны - 1 325.

"Қазір мұнда 4 мыңға жуық адам тұрады. Тұрғын санының аздығы инженерлі инфрақұрылымның болмауына байланысты болып отыр. Барлық инженерлік желі тартылған соң тұрғындардың жалпы саны жобадағы көрсеткіш – 67 мың адамға жетеді",-дейді Шымкент қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және энергетика басқармасының басшысы Нұрлан Аманқұлов.

 

Жәнібек НҰРЫШ

Фото: автор

Өзгелердің жаңалығы