Асқар Мамин "Роскосмос" басшысымен кездесті

21 Тамыз 2020, 15:16
1288
Бөлісу:
Асқар Мамин "Роскосмос" басшысымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Асқар Мамин «Роскосмос» ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Д. Рогозинмен кездесу өткізді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.   


Екі тарап ғарыш саласындағы Қазақстан – Ресей ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, оның ішінде «Байқоңыр» ғарыш айлағын одан әрі дамыту мен Жерді қашықтан зондтау саласындағы өзара іс-қимылды талқылады. 

«Бәйтерек» бірлескен ғарыш зымыран кешенін («Назарбаев старты») құру жобасына және БАӘ-мен бірлескен, «Гагарин стартын» жаңғыртудың үшжақты жобасына ерекше назар аударылды. Кездесуге ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы Б. Мусин қатысты.

Өзгелердің жаңалығы