Арыстанбек Мұхамедиұлы ісі: Сот апелляцияны қарауды кейінге қалдырды

12 Қыркүйек 2023, 14:50
1501
Бөлісу:
Арыстанбек Мұхамедиұлы ісі: Сот апелляцияны қарауды кейінге қалдырды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Астана қаласының соты Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі бойынша апелляциялық шағымды қарауды кейінге қалдырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сотталушылардың адвокаттары, қорғаушылары атынан берілген апелляцияға байланысты А. Мұхамедиұлы, А. Нұразхан, А. Сәдуақасова және А. Көшеновке қатысты қылмыстық іс қайта қаралады, - деді сот отырысында судья Мұрат Еркінбекұлы.

Айта кететін жайт, отырыста Мұхамедиұлы мен оның үш сыбайласы: А. Нұразхан, А. Сәдуақасова мен А. Көшеновке қатысты іс қаралып жатыр.

Сот өтінішхаттарды тыңдады. Адвокаттардың бірі материалмен танысуға мүмкіндік болмағандықтан процесті кейінге шегеруді өтінді. Тағы бір адвокат зиянды өтеп, қойылған айып бойынша позицияны біріктіру үшін сот отырысында кешірек мерзімге ауыстыруды сұрады.

Алайда сот олардың өтінішхатын қабылдамады.

Уақыттың тығыздығына байланысты сот 14 қыркүйекке ауыстырылды.

Еске сала кетейік, 2022 жылы 29 мамырда Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынды. Биыл 20 маусымда ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ұлттық музейдің экс-басшысына 221 млн теңге қаражатты жымқырды деген айып тағылып отыр.

26 шілдеде Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты сотқа апелляциялық шағым түсірді.

Өзгелердің жаңалығы