Арыс гарнизонында сарбаздың басына травматикалық тапаншадан оқ тиген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға 16 қыркүйек күні наряд кезінде болған көрінеді. Ол дереу аудандық ауруханаға жеткізілген.
Қазіргі жағдайы тұрақты ауыр. Тергеу өз-өзіне қол жұмсау фактісін қараастырып жатыр. Қылмыстық іс қозғалды, - делінген хабарламада.
Еске салсақ, қыркүйек айының басында Маңғыстау облысында полигондағы оқу-жаттығу кезінде сарбаз қаза тапты. Кейіннен Қорғаныс министрлігі Ақтаудағы сарбаз өліміне қатысты мәлімдеме жасады. Бұдан бөлек қасақана кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.