Қазақстандық танымал әнші өз өнеріне қатысты жаңалық жария етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Декрет демалысында отырған әнші алдағы уақытта шығармашылығын қолға алып, концертпен Қазақстанды араламақ. Ерке Есмахан осыған қатысты жаңалығын Instagram парақшасында хабарлады.
Шоу-бизнес жұлдызы жақын арада сахнаға қайта оралатынын айтты. Сондай-ақ ол өзі ғана емес, күйеуі Raim-мен бірге концерт бермек.
Декреттегі Еркеден - әнші Еркеге оралғысы кеп жүрген мен ғой. Сахнаны сағындым, сіздер де мені сағынды - деген үміттемін. Күшті жаңалық айтамын. Артынан естімедік деп ренжімеңіздер. Ән салып, би билеп, суретке түскілеріңіз келсе, концертке келіңіздер. Көптен жүздеспедік, - деп жазды өнер иесі.
Жақында ғана балалы болған жұлдызды жұп наурыз айында Ақтөбе, Атырау, Шымкент, Орал және Ақтау қалаларында ән кешін өткізеді.
Айта кетейік, бұған дейін өнер жұлдызы 11 жыл бөлек тұрған баласына қатысты сырын айтқан еді.