Ерке Есмахан 11 жыл бөлек тұрған баласына қатысты сырын айтты

5 Қаңтар 2024, 19:00
2274
Бөлісу:
Ерке Есмахан 11 жыл бөлек тұрған баласына қатысты сырын айтты
Фото: instagram.com/erke_esmahan

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы, әнші Ерке Есмахан оқырмандардың отбасына қатысты сауалына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еркенің айтуынша, осы уақытқа дейін оның үлкен ұлы Мүслім апасының қолында болған. Алайда шаңырақ көтергеннен кейін жолдасы Raim оны "бізбен бірге тұруы керек" деп баланы алдырған.

Мүслім туғаннан анамның қасында болды. Тұрмысқа шыққан бойда Райм "Мүслім бізбен тұрады" деп айтты. Қасымызға алдық. Міне содан бақытты жанұя болып бір шаңырақтың астындамыз. Бұрын мен қандай анамын деген ой жиі мазалайтын еді. Қазір қос ұлым жанымда. Райм 11 жыл бөлек тұрған ана мен баланы қосты, – деп жазды Ерке.

Айта кетейік, биылғы жылдың қаңтарында шаңырақ көтерген жұлдызды жұп Ерке Есмахан мен Райм ата-ана атанған еді.

Өзгелердің жаңалығы