«Наурызда ... барамын!». Ұлы Дала Наурызы

Есебі түгел адамға Наурыз айы - қазақ даласын аралап қайтуға тамаша ай. Себебі айдың жартысы дерлік - демалыс күндерден тұрады. Күн күлімдеп тұрса, жол сайрап жатса, неге тап осы айда саяхаттап қайтпасқа?!

«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ және «Scat» авиакомпаниясы бірлесіп, Ұлы Даладағы Наурыздың - кәрі Каспийден өр Алтайға дейінгі барлық қырын көрсетпек.

«Наурызда ... барамын!» атты хикаяда, көктем шуағын төккен осы күндердегі жолаушылар туралы баяндаймыз, ұлыс мейрамының өңірдегі түрлі кейпіне қанығамыз. Айтқымыз келетіні: Сізге де — неге жолға шықпасқа?!
Сонымен, BAQ.KZ тілшілері Астана - Ақтау - Алматы - Өскемен бағыты бойынша пойызбен жүріп өтіп, әр аймақтың салт-дәстүрін, табиғатын тамашалап қайту үшін жолға шықты.

Астанадан Маңғыстау бағытына пойызға міндік. Және кездескен мына жолаушылардың тілек тілеп, жөн айтуын жақсылыққа жорыдық. 

«Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтап, бар жақсылықты тілеймін! Жыл берекелі болсын! Өркендерің өсе берсін! Еліміздің деңгейі көтеріле берсін! Амал мерекесі құтты болсын!, - дейді Қарағандыдан туған жері - Шұбарқұдыққа бара жатқан Қарлыға әже Белғожанова.

Астанадан Құрық кентіне қайтып бара жатқан 71 жастағы әже Рабиға Нұғыманова мейраммен құттықтап, халқымызға ынтымақ, тыныштық тіледі. Ол Амал мерекесін қалай атап өтетіндері туралы әңгімелеп берді.

«Жыл сайын 14 наурыз күні көрісеміз. Үлкен-кіші келіп көрісіп, бір-бірімізбен қол алысып, құшақтасып көрісеміз. 14 наурызда қазан асылады. Соған аман-есен жетсек деп келе жатырмыз. Жақсылықпен тойлайық», - дейді Рабиға әже Нұғыманова.

Осылайша, жолсапарымыздың «шымылдығын» жолаушы әжелердің ақ тілегімен бастауды жөн санадық.

Жолың болсын, жолаушы!

Өмір жолының басым бөлігін жолда өткізетін мамандық иелерінің бірі - жолсерік. Жолаушыларға сәт сапар тілеп қарсы алып, ақ жол тілеп шығарып салатындар да, мейрамдарды жол үстінде атап өтетіндер де осы жолсеріктер. Бұл жолы Амал мейрамын жолда қарсы алатын жолсеріктердің бірі - Валия Айтжанқызы.

Ақтөбелік Валия Құрманәлиеваның теміржол саласында жұмыс істеп келе жатқанына 20 жылдың жүзі болған.

Жол үстінде өтетін өмір

BAQ.KZ: Әйел үшін жолсерік болудың артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?

Валия Айтжанқызы: Бірінші артықшылығы - қариялардың төсек-орнын салып, шайын апарып беріп - батасың аласың. Екінші артықшылығы - тұрақты жалақы. Бір кемшілігі - қымбат уақытыңды жол үстінде өткізесің және қыс мезгілінде вагонда от жағу әйел үшін оңай жұмыс емес. Жол бойы пойыз ырғағымен тербетіліп отыру да оңай емес. Жұмыстың осындай ерекшелігі ескеріліп, әйел жолсеріктер 55 жастан бастап зейнеткерлікке шықса жақсы болар еді. Сондай-ақ, барлық бағыттағы барлық вагон жаңартылса - нұр үстіне нұр болады.

Жол үстінде келіншекті босандырып алдық

BAQ.KZ: Қай мезгілде Астана - Маңғыстау бағыты бойынша жолаушылар көп қатынайды?

Валия Айтжанқызы: Шығыс Қазақстан тұрғындары Батыс Қазақстанға барып, вахталық әдіспен жұмыс істейді. Айдың басы, ортасы, аяғында осы пойызбен жүреді. Сондай-ақ, мереке күндері вагон лық толы болады, себебі көбі туған жеріне жол тартады.

BAQ.KZ: Жолда қандай қызықты жағдайлар болып тұрады?

Валия Айтжанқызы: Жолаушылар қасыңа келіп, сырын айтатын кездер болады. Батыс Қазақстанға құдаласып барған шығысқазақстандықтар олардың салт-дәстүрге берік екенін айтып, тамсанып жатады. Вагонға қай өңірдің адамы кіргенін сырт әлпеті, сөйлеу мәнерінен-ақ байқауға болады.

2000 жылдардың басында "Үстірт" теміржол бекетінде жолаушы келіншектің толғағы келіп, босандырып алдық. Кейін ол арнайы келіп, алғысын айтып, сәбиінің есімін Жолдыбай қойғанын айтты. Ыстықтан жүрегі қысқан балаға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, аман алып қалған жолсеріктер де бар.

Таңғы шайымызды енді ішкелі отырғанда 5-вагонда бір топ бала шулап жүр. Сөйтсек , Астанада күрестен өткен халықаралық турнирден Жаңаөзенге қайтқан балалар Амал мерекесінде бүкіл вагонды аралап, жолаушылармен көрісіп келе жатыр екен. Біз де олардың соңынан ілесіп көрісу мейрамы пойызда қалай өтетінін тамашаладық.

  • Таңғы шайымызды енді ішкелі отырғанда 5-вагонда бір топ бала шулап жүр. Сөйтсек Астанада күрестен өткен халықаралық турнирден Жаңаөзенге қайқан балалар Амал мерекесінде бүкіл вагонды аралап, жолаушылармен көрісіп келе жатыр екен. Біз де олардың соңынан ілесіп көрісу мейрамы пойызда қалай өтетінін тамашаладық.

  • Таңғы шайымызды енді ішкелі отырғанда 5-вагонда бір топ бала шуылдап жүр. Сөйтсек Астанада күрестен өткен халықаралық турнирден Жаңаөзенге қайқан балалар Амал мерекесінде бүкіл вагонды аралап, жолаушылармен көрісіп келе жатыр екен. Біз де олардың соңынан ілесіп көрісу мейрамы пойызда қалай өтетінін тамашаладық.

Балалар үлкенмен де, кішімен де "жыл құтты болсын" деп қол алысып, тілектерін жаудырды. Есен, Амангелді, Адай, Сәтжан, Ақұлан, Мәди есімді балалар бұл дәстүрді батыс өңіріндегілер ғана емес, барлық қазақстандықтың білгенін қалайды. Оларға "бұл не мереке?" - деп таң қалған адамдар да кездесті.

"Астана қаласында өткен республикалық турнирден туған өлкеміз Маңғыстауға келе жатырмыз. Осы пойызда бәрімен амандасып,  Амал мерекесін тойлап жүрміз. Жыл құтты болсын! Пойыздағы білмейтіндерге білдіріп жатырмыз. Мысалы, Астананың адамдары мұны білмейді. Қолымды созсам, "ол не деп?" бетіме қарайды. Білмейтіндерге білсін деп үйретіп жатқанымыз ғой", - дейді 13 жастағы Есен.

12 жасар Ақұлан Амал мерекесі ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан мереке екенін, бұл мерекеде адамдар бір-бірімен төс қағысып, қол алысып, амандасатынын айтты.
"Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Жаңа жыл жақсылық, мол бақыт, ынтымақ, бірлік алып келсін!" - деп тіледі ол.

Балалардың ең кенжесі Амангелді де - Астана-Маңғышлақ пойызындағы жолаушыларды мерекемен құттықтап, ақ тілегін жаудырды.

"Бүкіл Қазақстанға айтарымыз, Амал мерекесі құтты болсын! Ақ мол болсын, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!

Бұл ата-бабамыздың бұрыннан келе жатқан салт-дәстүрінің бірі. Бұны міндетті түрде тойламасақ, біздің қандай қазақ болғанымыз?", - дейді 13 жасар Наурыз.

Мәди болса, жылдан-жылға көрісу күніне осылай жете берейік деп түйіндеді. 

Осылайша, жаңаөзендік жас спортшылар вагон-вагонды аралап, 4-вагондарына оралды.

МАҢҒЫСТАУ

14 наурыз күні кешке Маңғыстау облысына келіп жеттік. «Турист» ЖШС өкілі Айгүл Жасыбаева күтіп алып, қонақ үйге орналастырды. Ертеңіне облыстық туризм басқармасы тарихи орындарға апаратын болды. 

16.JPG

15 наурыз. Экскурсия жетекшісі Людмила Павловнамен бірге Ақтау қаласын аралаудан бастадық.

17.JPG

1950 жылдары академик Қаныш Сәтбаев осы өңірді «ұйқыдағы аруға» теңеген. «Ұйқыдағы аруды» 1956 жылы геологтар «оятқан». Суреттен көріп отырғандарыңыздай, облыс сызбасы шынымен адам пішініне келеді.

Маңғыстау облысының аумағы 166 000 шаршы шақырым. Бұл жерге Бельгия, Ливан, Нидерланды, Швейцария, Дания мемлекеттері немесе екі Әзербайжан сыйып кетеді.

Маңғыстау облысында бес аудан бар. Олар: Мұнайлы, Түпқараған, Бейнеу, Қарақия және Маңғыстау ауданы.

Мұнайлы ауданының орталығы – Манғышлақ бекеті. Түпқараған ауданының орталығы – Шевченко қаласы. Бейнеу ауданының орталығы – ірі теміржол торабы осында. Қарақия – аграрлық аудан. Орталығы – Құрық. Шерқала тауы Маңғыстау ауданында орналасқан. Бұл аудан 1925 жылы құрылған.

Каспий теңізі

18.JPG

Бес мемлекет Каспий теңізін жағалай орналасқан. Олар: Ресей, Әзербайжан, Түрікменстан, Иран және Қазақстан. Каспий жағасында өмір сүретін адамдар саны 240 миллионнан асады.

Каспий теңізі 2018 жылы өткен Каспий саммитіне дейін көл атанған. Солтүстіктен Каспийге 130-дан астам өзен келіп құйса, Каспийден ешбір өзен ағып шықпайды. Саммитте дұрыс атауы Каспий теңізі болатыны туралы құжатқа қол қойылды.

Каспий теңізінің солтүстіктен оңтүстікке дейінгі ұзындығы - 1040 шақырым. Ені - 420 шақырым. Тереңдігі әртүрлі: шет жағы 25 метр болса, ортасы 500 метр, ал Иран жақта тереңдігі 1000 метрге дейін жетеді.

Оның 70-тен астам атауы болған. Осы күнге дейін сақталып қалған атауы - Каспий. Бұл жерде көптеген тайпалар мекендеген, солардың бірі Каспий тайпасы. Жылқы бағушылар деген мағына береді.

Каспийде 700-ден астам балдыр түрі, 100-ден астам балық түрі бар. Сондай-ақ, бұл жерде итбалықтар бар. Каспий теңізінде итбалық аралдары бар. Бұрын саны мыңнан асса, қазіргі саны шамамен 400 ғана.

Ақтау қаласы

Ақтауда Президент және Тәуелсіздік атты қос даңғылдан басқа көше атаулары жоқ. Шағын аудандармен аталады. Олардың реттік нөмірлері көпқабатты үйлердің жоғарғы тұсында жазылып тұрады.

«Халыққа осылай ыңғайлы. Ешкімнен сұрап жүрмейсіз. Басыңызды жоғары көтерсеңіз көрініп тұр. Қазір 35-ші шағын аудан салынып жатыр. Болашақта тұрғындар санын миллионға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бүгінде Ақтауда 188 мың адам тұрады. 55 жылдық тарихымыз үшін жаман емес көрсеткіш», - дейді Людмила Павловна.

Қаладағы ең биік ғимарат 16 қабаттан тұрады. «Самал» шағын ауданында Өзбекстан, Әзербайжан, Литва, Иранның консулдықтар орналасқан.

Жағалау 15-шағын ауданнан басталады. Мұнда көптеген ескерткіш, мүсін қойылған. Оларда ұлттық ойындар, аңыз кейіпкерлері бейнеленген.

19.JPG

Жаңа жағалау 2018 жылы 9 тамызда Каспий саммиті кезінде ашылған. Амфитеатрда концерттік шаралар өтеді. Жазда күннің көзі ыстық болған соң сахнаға шығатын адамдардың жүзіне күн түспес үшін 45 градусқа қарата салынған. Жоғарғы жағында биіктігі 5,5 метрлік теңіз жылқысының мүсіні бар. Аңыз бойынша теңіз жылқысы белгілі бір уақытта судан шығатын болған.

Жағалауда Нұр Төле деген аңыз адамның құрметіне ескерткіш қойылған. Аңыз бойынша халыққа жыландар шабуылдап, оны қайтаруға Нұр Төлені жіберген. Ол түйеге мініп, қобызда ойнаған. Сол кезде жыландар қобыздың үніне елітіп, артынан еріп отырған. Солай оларды теңізге қайтарған. 

20.JPG

Каспий жағалауы жыл өткен сайын жаңарып, құлпырып келеді. Екі жыл бұрын келгенімде мұнда ескерткіштер, ыңғайлы отырғыштар болмады. Енді пальмалар отырғызылып жатыр. Енді пальма көру үшін тропикалық елдерден гөрі өзіміздің Ақтауға келіп тамашалай аласыз.

«Пальмалар жасанды, Наурызға дейін 100 дана қойылады. Биіктігі -11 метр. Табиғатымыз осылай, бәрі бірдей жерден өспейді. Ойлап тапқандарына тәнті болдым. Аз ақша кетсе де, әдемі емес пе?»- дейді бізге қаланы таныстырып жүрген маман.

Жағалау 5 шақырымға созылады. Жолай орналасқан 60 стендтен Маңғыстаудың табиғи және тарихи жерлерін көруге болады. Мейрамхана, қонақ үй, демалыс орындары көптеп салынып жатыр.

«Біз Қазақстанда теңізі бар жалғыз жерміз. Қазақстанның «теңіз астанасымыз» деп қалжыңдаймыз. Қаңтар-ақпанда Каспий жағасына аққулар келеді. Қала тұрғындары оларды тамақтандырып, теңіз сұлуларын тамашалайды.

20.JPG

Жағалаудан 2013 жылы қаланың 55 жылдығына орай берілген теңіз символы 3 метрлік маякты көрдік. Көпқабатты үйдің шатырында үлкен маякты көргенде таңырқадық.

«Қазір жұмыс істемейді. Кезінде ол өзі өшіп, өзі қосылған. Ешкім қолының ұшын да қимылдатпаған. Таңертең күн сәулесінен өзі өшіп, күн батқанда қосылған Маяктың сәулесі 6 км дейін жеткен», - дейді экскурсия жетекшісі.

Әкімдік жанындағы алаңның ортасында қаланың 45 жылдығына Колумб кемесінің үлгісі қойылған. Осыған дейін оның орнында Лениннің ескерткіші болған.

Ескі қалада «галерея үйлер» әліге дейін бар. Бұл үйлерде жалғыз ғана подъезд болады. Бір есіктен кіресіз де, керек қабатқа көтеріліп бір дәлізбен пәтеріңізге барасыз. Бұл да қаланың символы. Бас жоспарды ленинградтық архитекторы жасаған екен. Экскурсия жетекшісінің айтуынша, ескі Ақтау Навоидың архитектурасына ұқсайды. Мұнда аурухана, диспансер, санатория, қарттар үйі орналасқан.

Қала сыртындағы жағалауға қазір адамдар шомылуға келеді. Мұнда жеке жағажайлар, демалыс орындары көп. Қалаға қарағанда су жылырақ.

Зауыттар қала сыртында орналасқан. Ақтау – тек теңіз суымен өмір сүретін әлемдегі жалғыз қала. Теңіз суын өздері тазартып, ауыз суға пайдаланып отыр.

21.JPG

Маңғыстау жеріне Ресей, Жапония, Италия, Латвия, Франция секілді әлемнің бірнеше елінен туристерк еледі.

«Мәскеуліктер мен «питерліктер» бәлен шақырым көліктерімен жүріп келеді. Ол жақта да осындай теңіз, жағажай бар. Бірақ демалатын халықтың қарасы көп дейді. Ал Ақтауда әрі теңіз, шағын қала, бағасы да қолайлы. Маңғыстаудың тарихи орындарын көре алады», - дейді осы салада 33 жыл жұмыс істеп жүрген Людмила Павловна.

Қоқиқаздар мекені

Ақтауға түнделетіп жетіп, таңның атысымен Қаракөлге бет алдық.

137,5 мың гектар алқапты алып жатқан көл қаланың өндірістік аумағында орналасқан. Оны жергілікті халық "аққу көлі", "қоқиқаздар мекені", "аялдау бекеті" деп атайды. Таяз әрі суы жылы болғандықтан ба екен, үйрек, аққу, тырна, қоқиқаздар осы жерге аялдағанды жақсы көреді.

Бұл жер – аймақтағы аң құстарды қорғап, сақтап қалу мақсатында құрылған ерекше қорғалатын зоологиялық табиғи аумаққа қоқиқаздарды көру мақсатымен бардық.

22.JPG

Гид Людмила Павловнаның айтуынша, құстар жағалауға жақындамайды. Оларды жақыннан көру үшін жағалауда кем дегенде екі сағат отырып, суға нан "салып", олардың жағаға келуіне жағдай жасау керек. Ал бізде, әрине, уақыт тығыз. Сол себепті қалаған көрініске куә болудың сәті түспеді.

1976 жылы бұл жерге 10 000 аққу, 1978 жылы 1 500 қоқиқаз келіп қонған.

«Ол кезде көлдің беті аппақ, қызыл түске «боялып», көрсе көз тоймайтын көрініс болған», - дейді ол.

Қаладан 15 шақырымдық жердегі көлді тамашап, ары қарай Шақпақ ата - жерасты мешітіне қарай бара жатырмыз.

Қапамсай шатқалы

Маңғыстаудың жазық даласынан аласа тауды да, теңізді де, шатқалды да көруге болады. Шақпақ ата жерасты мешітіне бара жатқан жолда 70 метрлік Қапамсай деген шатқалға тоқтадық.

Ертеде Қапам деген әулие өмір сүрген екен. Оның дұшпандары көп болыпты. Бір күні олар Қапам әулиенің қос аяғын жұлып алыпты. Сонда да ол күшін жинап, орнынан тұрып, осы шатқалдың арғы бетіне өткен екен. Әулие адамдардың қасиеттері көп болған. Экскурсия жетекшісі «ұшып жеткен болар» деп топшылады. Шатқалдың қарама-қарсы бетіне өткен ол сол жерде қайтыс болып, жерленген. Әулиенің құрметіне осылай аталған.

23.JPG

24.JPG

Маңғыстау облысында жерасты мешіттері көп. Әзірге оның 15-іне ғана реставрация жасалған. Біз барған Шақпақ ата жерасты мешіті Ақтау қаласынан шамамен 130 шақырымдық жерде орналасқан. Бұл аумақта әртүрлі пішінді белгітастары бар бейіттердің куәсі болуға болады.

Қазіргі уақытта жерасты мешіттерінің жанында қонақ үйлер мен шырақшылар бар. Суреттен көріп отырған қонақ үйді Бектеміс руының ұрпақтары салған. Бұл жерге келген адам кірпіш, су сияқты керек болады-ау деген заттар алып келеді. Бір күн түнеп, құрбандық шалып кететіндер болады.

25.JPG

26.JPG

Экскурсия жетекшісі Людмила Павловнаның айтуынша, бейіт басына қойылған белгітастардың пішіндері әртүрлі.

Төртқұлақ там

Мына суреттегі бейіт «сағана там» деп аталады. Ол «шатырсыз үй» деген мағына береді. Төрт шетінде шығып тұрған мұнара іспеттес пішініне қарап «төртқұлақ там» деп те атайды. Не үшін төрт «құлағы» болуы керек екені туралы әртүрлі аңыздар айтылады.

Соның бірі – көзі тірі кезінде адамға 2 құлақ, ал бақилық болған соң о дүниеліктердің дауысын есту үшін 4 құлақ керектігі туралы аңыз. Тағы бір аңыз бойынша, көзі тірі кезінде әйелі, баласы, үйі және байлығы болған адамдардың бейіттерінде ғана төрт «құлақ» болған.

Көне бейіттерге өмірден озған адамның аты-жөні, туған жылы жазылмаған. Ер немесе әйел жерленгенін бейітте қашалған өрнектер арқылы ғана анықтаған. Мысалы, ер адам жерленсе бейіті қошқармүйіз суретімен, геометриялық пішіндермен, әйел жерленсе кесе, ыдыс-аяқ сияқты суреттермен көмкерілген.

Мына суреттегі белгітастар жерленген адамның басы мен аяқ тұсына орнатылған. Оның биіктігі 2,5 метр болған. Көп ғасыр өткендіктен, қазіргі қалпы осылай аласа болып қалған.

Мына суреттегі белгітастар жерленген адамның басы мен аяқ тұсына орнатылған. Оның биіктігі 2,5 метр болған. Көп ғасыр өткендіктен, қазіргі қалпы осылай аласа болып қалған.

Мына суреттегі белгітас бастапқыда қошқар пішінді болған. Ислам діні келгелі ол Құдайға серік қосу болып саналып, қошқардың басын кесіп алып тастаған. Сол себепті қазіргі кейпі осындай.

Мына суреттегі белгітас бастапқыда қошқар пішінді болған. Ислам діні келгелі ол Құдайға серік қосу болып саналып, қошқардың басын кесіп алып тастаған. Сол себепті қазіргі кейпі осындай.

Мына суреттегі белгітастарға қарап бірі ер адамның, екіншісі әйелдің құлпытасы екенін байқауға болады. Ер адамның белгітасы әйелдің белгітасынан биік және ені ұзын болған. Жерленген кезде де әйел ер адамға қарағанда 4 елі төмен жатады. Екінші белгітаста сәукеле бейнеленген. Не себепті сәукеле бейнеленгенін бұл тасқа тіл бітсе ғана біле аламыз. Ал әзірге қалыңдық қайғылы жағдайда көз жұмған болуы мүмкін деген болжам ғана айта аламыз.

Қазіргі уақытта қалтасы көтергендер жақынын жерлеген соң мавзолей орнатады. Жерлеу рәсімі қазір қалтаның қалыңдығына байланысты болса, бұрын рудың әдет-ғұрпына байланысты болған.

Қазіргі уақытта қалтасы көтергендер жақынын жерлеген соң мавзолей орнатады. Жерлеу рәсімі қазір қалтаның қалыңдығына байланысты болса, бұрын рудың әдет-ғұрпына байланысты болған.

Шақпақ ата жерасты мешіті

Маңғыстаудың батысындағы Түпқараған ауданында Шақпақ ата жерасты мешіті орналасқан. Ол Оңғазы тауының жартасынан жасанды үңгір секілді ойылып салынған.

Экскурсия жетекшісінің айтуынша, мешіт IХ-Х ғасырларда салынған. Аңыз бойынша, Шақпақ ата – Қожа Ахмет Яссауидің ізбасары, 362 әулиенің бірі және мықты сәулетші болған.

Бірде басқыншылар оның жер үстіне салған мешітін жайратып салады да, жер бетінен көрінбейтін мешіт салуға бұйрық береді. Шақпақ ата олай ету мүмкін емес екенін айтқанда оны жазалап, зынданға қамайды.

8 жылдан кейін зынданнан шыққан Шақпақ атаның көзі көрмей қалады. Ол төрт шәкіртін жартасқа апарып, «Осы жартастың ішінен әрқайсысың бір бөлмеден салыңдар, қалғанын өзім реттеп аламын» дейді. Осылайша төрт бөлме салынып, крест тәрізді, төбесінде күмбезі бар мешіт болады.

Суреттен көріп отырғандарыңыздай, әр бөлменің пішіні әртүрлі, тіпті мұнаралары да бір-біріне ұқсамайды. Бір бөлме кіріп, аялдауға арналса, екіншісі намаз оқуға арналған. Үшінші бөлме арқылы далаға шығуға болады.

Әлі күнге дейін осы жерге зиярат етушілер келіп, дертке шипа сұрайды. Фото 32, 33, 34, 35, 36, 37

 Маңғыстаудың батысындағы Түпқараған ауданында Шақпақ ата жерасты мешіті орналасқан. Ол Оңғазы тауының жартасынан жасанды үңгір секілді ойылып салынған.Экскурсия жетекшісінің айтуынша, мешіт IХ-Х ғасырларда салынған. Аңыз бойынша, Шақпақ ата – Қожа Ахмет Яссауидің ізбасары, 362 әулиенің бірі және мықты сәулетші болған.

Шар тәрізді тастар мекені – Торыш

Жолда экскурсия жетекшісі Маңғыстау жерінен тапқан тастарды көрсетті. Тіпті арасында акуланың тісі бар. Кішкене домалақ тасты қолына алғанда құпияға толы Торыш алқабына бара жатқанымызды айтты.

«Бөлінген шарлардың ішінен акуланың тісі, балықтың көзі, басқа да нәрселер шығуы мүмкін», - деп бұл жердің пайда болу тарихын баяндады.

Шар тәрізді конкрециялардың пайда болуының бірнеше нұсқасы бар. Біріншісі қалжың іспетті, аспаннан жауған дейді.

«Екіншісі - ертегі, аңыз. Ертеде Маңғыстау жеріне сырттан қара ниетті жау әскері келіп жергілікті халыққа соғыс ашады. Қарасы қалың әскерге олар қарсы тұра алмайды. Күш кемиді. Жаратушыдан жалбарынып көмек сұраудан басқа амалдары қалмайды. Халық жаудың тас болып қалуын тілейді. Жаратушы мұны естіп, жаудың бетін тоқтатады. Күн күркіреп, найзағай ойнайды. Тоқтамай жауын жауады. Жау әскері бір сәтте тас болып қатып қалады. Мына жерде жау жатыр», - деді ол.

Ғылым не дейді? Ғалымдардың пікірі әртүрлі. Бірі жер астында бос орындарда пайда болған шар тәрізді тастар бос кеңістікте қозғалып жүреді дейді. Жер қыртыстарындағы тектоникалық өзгерістерден күшті электр зарядтары пайда болып, жердің астында жүрген шар пішінді домалақ тастар беткі қабатқа шығады.

Археологтардың пікірінше, миллион жыл бұрын Тетис мұхитының түбінде қатты жер сілкініп, мұхит теңіздерге бөлініп, оның түбі осы жерге айналған. Сол мұхиттағы тіршілік иелерінің денесі миллион жылдан бері құммен араласып, соққан желмен осындай тастар пайда болған.

«Торыш алқабында бұрындары диюлар өмір сүріп, олар боулинг ойнаған шығар (күліп - авт). Мұндай шар тәрізді тастар даласы әлемнің бірнеше елінде бар. Тіпті мұхиттың түбінде де кездеседі. Тек Маңғыстауда ғана жақсы сақталған. Басқа жерлерде бүлінген. Туристер Торышты көргенде таңдайларын қағады. Туристердің барлығы осында келеді. Машинамен де, автобуспен де ағылып жатады», - дейді Павловна.

Ғалымдардың айтуынша шарлар мың жылда 1 мм өсіп отырады екен. Ал Маңғыстау даласындағы биіктігі 4 метрге дейін жететін алып тастарды көзіңізбен көргенде «қалай пайда болған?» деп еріксіз таңдай қағасыз.

Шар тәрізді тастар мекені – Торыш

Шар тәрізді тастар мекені – Торыш

Шар тәрізді тастар мекені – Торыш

Шар тәрізді тастар мекені – Торыш

Шар тәрізді тастар мекені – Торыш

Шар тәрізді тастар мекені – Торыш

Шар тәрізді тастар мекені – Торыш

Шерқала

Шерқала Ақтау қаласынан 95 шақырым жерде. Тауға бара жатқан жолда түрлі-түсті төбешіктерді көрдік. Өңірде пайдалы қазбалардың көп болуынан таулар осылай бірнеше түске боялады екен.

Алыстан Шерқала көрінді. Алып тастан жасалған киіз үй дерсің. Төңкерілген пиалаға да ұқсайды. Қиялыңызға ерік берсеңіз басқа денені көруіңіз мүмкін.

Шерқала жайында аңыз көп. Ертеде жауынгерлер бұл тауды қаптаған жауға қарсы қорған қылып, жаумен жолбарыстарша алысыпты. Олардың қалған бөлігі тау ішіндегі жерасты жолдарына тығылып, сол жерде мәңгі қалып қойыпты. Осылайша Жолбарыс қала немесе Шерқала деп аталған көрінеді. Ал жерасты жолын ешкім таппады.

Екінші бір аңызда, түрікмендер мен ноғайлылар соғысады. Түрікмендер Шерқаланың басын паналаған. Жау болса түрікмендер тау басында көпке шыдамайды деп жерде торуылдап жата беріпті. Сонда да түрікмендер төмен түспепті. Ноғайлылар таңданып тыңшы жіберіп, түрікмендердің тау басында құдық қазып, қауға салып күнелтіп отырғанын біледі. Жау құдықтың түбін тауып алады да қауғаның жібін кесіп тастайды. Бір емес, бірнеше рет. Сусыз қалған түрікмендер тау басында қырылады. Содан бері бұл тау шерлі қала деп аталған.

Экскурсия жетекшісінің туристерге Шерқаланы 7 рет айналсаң тілегенің орындалады дейтін қалжыңы бар. Мұны естіген қонақтар қалай жеті рет айналып өтуге болады деп таңырқайды. Себебі тауды бір рет айналып шығу үшін 1 сағат 20 минут кетеді. 

Людмила Павловна бұл жерге мектеп оқушыларымен де жиі келеді.

«Олар тауды шағын деп ойлап, қазір-ақ жүгіріп айналып шыға қоямын деп кетеді. Бірақ 40-50 минуттан соң ентігіп келіп, сөйлеуге шамалары келмейді», - дейді ол.

Шерқаланың ең үлкен шоқысы 307, 7 метр. Ұшар басына кез келген адам шыға алмайды. Арнайы спорт жабдықтары бар скалолаздар келіп, өрмелеп шығады.

Шерқаланың жанында Айрақты секілді басқа да таулар бар. Даланың қай жерінде жүрсеңіз де домалақ тастарды байқайсыз.

Шерқала Шерқала Ақтау қаласынан 95 шақырым жерде. Тауға бара жатқан жолда түрлі-түсті төбешіктерді көрдік. Өңірде пайдалы қазбалардың көп болуынан таулар осылай бірнеше түске боялады екен.

Ақтаудағы бір күн

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласына барған сапарымыз сәтті аяқталды. Біз пойыздағы жолаушылардың Амал мейрамын атап өтіп, жыл басымен құттықтап, көріскендеріне куә болдық.

Ақтауда таңнен кешке дейін қоқиқаздардар мекендейтін Қаракөлге, Қапамсайға, Шақпақ ата жерасты мешітіне, Торыш - домалақ тастар мекеніне және Шерқалаға бардық.

Шерқала Шерқала Ақтау қаласынан 95 шақырым жерде. Тауға бара жатқан жолда түрлі-түсті төбешіктерді көрдік. Өңірде пайдалы қазбалардың көп болуынан таулар осылай бірнеше түске боялады екен.

Жоба ұйымдастырушылары «Қазконтент» АҚ мен «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ-ға және тарихи жерлерге баруымызға мүмкіндік жасаған Маңғыстау облысы туризм басқармасына, «Турист» ЖСШ өкілі Айгүл Жасыбаева мен экскурсия жетекшісі Людмила Павловнаға алғыс айтамыз.

АЛМАТЫҒА ЖОЛ

Наурызда ... барамын. Келінтөбенің Наурыз көжесі

Маңғыстау облысынан Алматыға қарай жолға шықтық. Ақтауға бара жатқан жолда ақ қарға оранған және қары жерге сіңіп кеткен далаға куә болсақ, Алматыға барар жолда айнала жасыл түске боялып, жер көктеп жатқанын тамашаладық.

Түркістан бекетіне тоқтаған кезде әріптесім Назеркенің анасы Қызылорда облысы, Келінтөбе ауылынан арнайы дайындап, беріп жіберген Наурыз көже іштік.

Наурыз көжені дайындаған Ағайша ананың айтуынша, 1 наурыздан бастап айдың соңына дейін ауылдағы әр көше кезек-кезек Наурыз көже дайындайды екен. Сөйтіп ауыл тұрғындары бір-бірін жыл басымен құттықтап, береке-бірлік, ырыс-ынтымақ, тоқшылық тілейді.

«Қызым көктемде іссапармен осы маңнан өткен кезде міндетті түрде Наурыз көже дайындап жіберемін» - дейді ол.

Наурыз көжеден дәм татқан жолаушылар мен жолсеріктер Ағайша анаға мерекелік көңіл-күй сыйлап, ақ ниетпен жасалған көже үшін алғыс айтты.

Маңғыстау облысынан Алматыға қарай жолға шықтық. Ақтауға бара жатқан жолда ақ қарға оранған және қары жерге сіңіп кеткен далаға куә болсақ, Алматыға барар жолда айнала жасыл түске боялып, жер көктеп жатқанын тамашаладық.

Наурызда ... барамын. Көрісуге барған студент

Дана Маратқызы Алматы қаласындағы ҚазҰУ 4-курсында оқиды.Ол Амал мерекесін өз көзімен көру үшін сонау Алматыдан пойызбен Ақтөбеге тоқтап, содан соң Ақтауға жеткен.

«Шығыс Қазақстан облысында өмірге келгеннен кейін көрісу, Амал мерекесі дегенді білмейтін едім. Қалаға оқуға келгенде батысқазақстандықтардың осындай дәстүрі бар екенін біліп, оларға қызықтым. Батысқа барып, осындай мерекені көруді армандадым. 4-курста демалыста арнайы Батыс Қазақстанға келдім», - дейді студент.

Ол жыл сайын теледидардан маңғыстаулықтардың Отпан тауда Амал мерекесін қалай қарсы алатыны, көштің қалай жүретінін тамашалайды. Биыл өз көзімен көру үшін Маңғыстау жеріне келді.

«Өте керемет әсердемін. Өзім білмейтін көп салт-дәстүрлерге қанық болдым.

Батыс Қазақстанның Ақтөбе, Ақтау қалаларын араладым. Енді бұйырса Атырау, Оралға барамын деген жоспарым бар. Бұл жақта қазақтың салт-дәстүрі өте жақсы сақталған. Көшеде қазақша киіммен жүруі, келіндерінің сәлем салуы, барлығы ұнады», - дейді Дана.

Ол мұның бәрін теледидардан көріп, кітаптан оқып өскендіктен өз көзімен көру қызық болғанын жетуізді.

«Тіпті шығыста жер үстелге отырмайды, етті қолмен жемейді. Мына жақта жер үстелге отырады. Бұл жақта көшеде адамдар бір-біріне "Амал мерекесі құтты болсын, бір жасыңызбен!» деп айтады екен. Соның бәрін көріп есімде сақтап алдым. Өзім де бастан өткеріп, сезініп көрдім", - деп сөзін түйіндеді студент.

Дана Маратқызы Алматы қаласындағы ҚазҰУ 4-курсында оқиды.Ол Амал мерекесін өз көзімен көру үшін сонау Алматыдан пойызбен Ақтөбеге тоқтап, содан соң Ақтауға жеткен.

Дана Маратқызы Алматы қаласындағы ҚазҰУ 4-курсында оқиды.Ол Амал мерекесін өз көзімен көру үшін сонау Алматыдан пойызбен Ақтөбеге тоқтап, содан соң Ақтауға жеткен.

Дана Маратқызы Алматы қаласындағы ҚазҰУ 4-курсында оқиды.Ол Амал мерекесін өз көзімен көру үшін сонау Алматыдан пойызбен Ақтөбеге тоқтап, содан соң Ақтауға жеткен.

Дана Маратқызы Алматы қаласындағы ҚазҰУ 4-курсында оқиды.Ол Амал мерекесін өз көзімен көру үшін сонау Алматыдан пойызбен Ақтөбеге тоқтап, содан соң Ақтауға жеткен.

Наурызда ... барамын. Манкент шипажайы

Ақтау-Манкент бағыты бойынша бара жатқан жолаушы - Бану апа Наурыз мерекесін Манкент шипажайында қарсы алмақ.

«Жылына екі рет дәл осы шипажайға барып емделіп, тынығып қайтам. Бағасы да қолжетімді, қызмет көрсету сапасы да жақсы, тағамдары да дәмді», - дейді ол.

қтау-Манкент бағыты бойынша бара жатқан жолаушы - Бану апа Наурыз мерекесін Манкент шипажайында қарсы алмақ.

АЛМАТЫДАН - ӨСКЕМЕНГЕ

Наурызда ... барамын. Немерелермен көрісу

Алматы - Өскемен бағыты бойынша пойызбен жүріп келеміз. Өр Алтайға Наурыз мейрамын атап өтуге бара жатқандардың бірі - Алматы облысының тұрғыны Тыныштық Мархабаева.

Екі, үш жарым жастағы қыздарымен Шығыс Қазақстан облысына бара жатқан ол енесі қонаққа шақырғанын айтты.

«Негізі енем Алматы облысының тұрғыны, бірақ жұмыс бабымен былтыр күзден бері Өскеменде тұрып жатыр. Жыл сайын Наурыз мейрамын Алматыдағы Іле ауданы, Чапай ауылындағы туыс, көршілерімізбен бірге атап өтетінбіз», - дейді Тыныштық .

Бүлдіршіндер апаларын көруге асық екенін айтты.

«Мен апамды көруге бара жатырмын. Жол ұзақ, бірақ апамызды көретініміз үшін қуанамыз», - дейді Нұраяна.

Алматы - Өскемен бағыты бойынша пойызбен жүріп келеміз. Өскеменге Наурыз мейрамын атап өтуге бара жатқандардың бірі - Алматы облысының тұрғыны Тыныштық Мархабаева. Екі, үш жарым жастағы қыздарымен Шығыс Қазақстан облысына бара жатқан ол енесі қонаққа шақырғанын айтты. «Негізі енем Алматы облысының тұрғыны, бірақ жұмыс бабымен былтыр күзден бері Өскеменде тұрып жатыр. Жыл сайын Наурыз мейрамын Алматыдағы Іле ауданы, Чапай ауылындағы туыс, көршілерімізбен бірге атап өтетінбіз», - дейді Тыныштық . Бүлдіршіндер апаларын көруге асық екенін айтты. «Мен апамды көруге бара жатырмын. Жол ұзақ, бірақ апамызды көретініміз үшін қуанамыз», - дейді Нұраяна.

Шығыс жұрты Наурыз мерекесіне қызу дайындалып жатыр. Өскемен қаласындағы Республика алаңында киіз үйлер тігіліп, алтыбақан құрылып жатқанын көріп, бір топ бүркітшілермен тілдестік.

«Шығыс Қазақстанда он шақты бүркітші «Шығыс Алтай» бүркітшілер қоғамын құрдық. Биыл халықаралық чемпионатта Өмірбек Нұғымұлы чемпион болды. Азияда төртінші орын алды. Нәтижеміз жаман емес. Шығысты бір көтерсек деген ойымыз бар», - дейді құсбегі Тәттімбет Кәпұлы.

Үржарлық бүркітшілер жыл сайын Наурыз мейрамында Өскемен мен Семейге келеді.

«Өскеменге келіп жүргенімізге үш жыл болды. Семейге үш бүркітшіміз кетті. Бүгін олар Наурызда жүр. Он шақты бүркітіміз бар. Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» , «Рухани жаңғыру» дегені осы ғой», - дейді бүркітші.

Құсбегі қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтап, тілегін айтты.

«Халқымызға бақыт тілейміз. Елбасымыз аман, жұртымыз тыныш болсын. Наурызда гүлдей жайнап, құлпырып, ұрпағымыз өсе берсін. Деніміз сау болсын. Аман болайық.

Мен қазақпын ас беріп, ат шаптырған,

Бие байлап, төскейде қой бақтырған

Көк тәңірісі қыранды қолға үйретіп

Жер тағысы түлкімен ойнаттырған.

Біз осындай қазақпыз ғой енді. Халқымыз аман болсын», - деп сөзін өлең жолдарымен түйіндеді.

«Шығыс Қазақстанда он шақты бүркітші «Шығыс Алтай» бүркітшілер қоғамын құрдық. Биыл халықаралық чемпионатта Өмірбек Нұғымұлы чемпион болды. Азияда төртінші орын алды. Нәтижеміз жаман емес. Шығысты бір көтерсек деген ойымыз бар», - дейді құсбегі Тәттімбет Кәпұлы.

Жетпістен кейінгі өмір немесе өскемендік әжелер Наурызды қалай қарсы алады

Олар Шығыс Қазақстанның әртүрлі аудандарынан Өскеменге көшіп келген. Олардың ең жасы 70-тің жетегіне жетсе, үлкені 80-нің сеңгірінен асқан. Олар – «Қазына» әжелер тобы.

BAQ.KZ тілшілері соңғы 10 жыл бойы қазақтың салт-дәстүрін дәріптеп, халық әндерін шырқап, келер ұрпаққа өнеге болып жүрген ақ жаулықты әжелердің ақ дастарқаны мен балдай тәтті қымызынан дәм татып,халдарын біліп қайтты.

Наурызда ... барамын. Наурыз мейрамын Дубайда қарсы аламын

Scat әуе компаниясының ұшағымен Өскемен - Астана бағыты бойынша ұшып барамыз. Жолаушы Әйгерім ....дан Астанаға не себепті бара жатқанын сұрадық.

«Мен Астанада тұратын сіңліме бара жатырмын. Екеуміз жыл басы - Наурыз мейрамын Дубайда қарсы аламыз деп шештік», - дейді ол.

Әйгерімнің айтуынша, бұл - олардың шетелге алғашқы сапары.

«Ұшақтағы барлық жолаушыларға сәт-сапар тілеймін. Сапарлары сәтті болсын! Жаңа жыл құтты болсын!» - дейді ол. Фото 71, 72

Scat әуе компаниясының ұшағымен Өскемен - Астана бағыты бойынша ұшып барамыз. Жолаушы Әйгерім ....дан Астанаға не себепті бара жатқанын сұрадық. «Мен Астанада тұратын сіңліме бара жатырмын. Екеуміз жыл басы - Наурыз мейрамын Дубайда қарсы аламыз деп шештік», - дейді ол.

Сізден жаңалық