"АрселорМитталдағы" апат: 17 тамызда басталған өрт әлі сөндірілмеген

18 Қыркүйек 2023, 12:47
906
Бөлісу:
"АрселорМитталдағы" апат: 17 тамызда басталған өрт әлі сөндірілмеген
Фото: gov.kz

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның «Қазақстан» шахтасында 17 тамызда басталған өрт әлі күнге дейін сөндірілмеген. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі уақытта «Қазақстан» шахтасында өрт әлі сөндірілген жоқ. Апаттық учаскедегі жағдайларға байланысты осы учаскені оқшаулау туралы шешім қабылданды. Яғни оттегінің қол жетімділігін шектеу үшін 25 арнайы ғимарат салынып жатыр. Қазірдің өзінде 18 салынды, қалғандары бойынша жұмыс жалғасып жатыр, - деді министр брифингте.

Шәріпхановтың айтуынша, авариялық-құтқару жұмыстары аяқталғаннан кейін және шахтаның авариялық учаскесі сәйкестікке келтірілгеннен кейін тау-кен жұмыстарын қайта бастау мүмкіндігі туралы шешім қабылданады.

17 тамыз күні «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның «Қазақстан» шахтасында апат болып, салдарынан бес адам қаза тапқан болатын. Сондай-ақ 16 адам әртүрлі дене жарақатын алды.

Президент зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды.

19 тамызда Үкіметтің Қаулысымен апаттың себебін анықтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құрылды. Бүгін Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов комиссияның қорытындысын жариялады.

Бүгінгі күні сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы