АрселорМиттал жылына 200 млрд теңгеден астам табыс тауып отырған

1 Қараша 2023, 15:21
1045
Бөлісу:
АрселорМиттал жылына 200 млрд теңгеден астам табыс тауып отырған
Фото: BAQ.KZ - архив

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Арман Қалықов Үкіметке жолдаған сауалында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжіліс депутаттары Костенко атындағы шахтадағы қайғылы оқиғаға байланысты депутаттық сауал жолдады.

Костенко шахтасындағы қайғылы оқиға бүкіл Қазақстан халқын дүр сілкіндірді. Біз Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің атынан әрбір отбасына шын жүректен қайғырып көңіл айтамыз. Бұл жағдай «Казахстанская» шахтасындағы апаттан 2 ай өткеннен кейін болып отыр. Мұндай жазатайым оқиғалар өз қызметкерлеріне жауапсыздықпен қарау салдарынан болғаны айқын, - деді Қалықов.

Арман Қалықовтың сөзінше, осындай жазатайым оқиғалардың барлығы компанияның осы жылдар бойы, шын мәнінде, қазақстандық кеншілердің маңдай тер мен адал еңбегінің арқасында ақша тапқанын көрсетуде. Өйткені «АрселорМиттал» бәрінен үнемдеген.

Соңғы төрт жылдағы ресми мәліметтер бойынша - бұл компания жылына 200 млрд теңгеден астам табыс тауып отырған, оның басым бөлігін шетелге шығарған. Жасалған ескертулерге, өнеркәсіптік қауіпсіздікке инвестиция салу, көмір өндіруді кеңейту, барлық өндірісті жаңғырту туралы келіссөздер жүргізуге әрекет жасалғанына қарамастан, компания еш келісімге келмеген. Салдарынан биылдың өзінде екі апаттық жағдай болды, компанияның елде жұмыс істеген бүкіл кезеңінде жүздеген қазақстандық қаза тапты. Мыңдаған адам денсаулығынан айрылып, мүгедек болып қалды, - деп атап өтті мәжілісмен.

Арман Қалықов Президенттің «АрселорМитталмен» ынтымақтастықты тоқтату туралы дұрыс болғанын мәлімдеді.

Депутат атап өткендей, біз адамдардың қандай күй кешіп жатқанын біліп отырмыз. Өкінішке қарай «егер шетелдік инвестор кетсе, онда барлық өндіріс тоқтайды» деген 90-шы жылдары болған қорқыныш бізде әлі де бар.

Мүлдем олай емес. Біз кәсіпорынның жеткілікті ақша таба алатынын көріп отырмыз. Көмір өнеркәсібінде 30 жылдық тәжірибесі бар қызметкер ретінде қарағандылықтарды сабырлыққа шақырғым келеді. Бізде осы жылдар ішінде тікелей инвестор бола алатын, әлеуметтік жауаптылығы бар кәсіпкерлер саны жеткілікті дәрежеде өсті. Осы трагедиядан кейін басқаша болуы мүмкін емес. Біз осы кәсіпорынды өз бетінше дамыту үшін өзіміздің кәсіби кадрларымыз жеткілікті деп санаймыз, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы