Бұл туралы Үкімет үйінде өткен брифингте Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
«АрселорМиттал Теміртаудың» жаңа инвесторы болып Allur Group компаниялар тобы тағайындалды. Директорлар кеңесінің төрағасы – Андрей Лаврентьев. Олар 1-2 күнде жұмысқа кіріседі, активті басқаруға алады, - деді министр.
Шарлапаев сондай-ақ жаңа инвестордың барлық міндеттемелерді өз мойнына алғанын және зауыт құны қаншаға бағаланғанын атап өтті.
Барлық міндеттемелер жаңа инвесторға берілді. Жалпы мәміле туралы бірінші айта кеткіміз келген нәрсе, екі активтің, «АрселорМиттал Теміртау» және Ақтау құбыр зауытының құны 286 миллион долларды құрады. Бұл – екі актив үшін AMT алған баға. Біз республикалық бюджеттен қаражат жұмсаған жоқпыз, - деді министр.
Еске салайық, қазанның 28-і түнгі сағат 02:33-те Қарағанды облысының Костенко шахтасында жарылыс болып, 46 кенші қаза тапты. Қайғылы оқиғаға байланысты елімізде 29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланған болатын.