«Арселор Миттал Теміртау» талапты орындай алмаса, жұмысын тоқтатуы мүмкін

14 Қараша 2022, 13:18
830
Бөлісу:
«Арселор Миттал Теміртау» талапты орындай алмаса, жұмысын тоқтатуы мүмкін

«Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ға қандай шара қолданайын деп жатырсыздар? Мәжіліс кулуарында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешов жауап берді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Келесі жылға экологиялық рұқсаттаманы алу үшін қажет құжаттарды біздің министрлікке жіберілді. Қазір құжаттарды қарап жатырмыз. Біз қойып жатқан талаптарға «Арселор Миттал Теміртау» АҚ нақты бір ұсыныстарын көрсетпейтін болса, (компания – автор) экологиялық рұқсат ала алмайды. Осы бойынша тығыз жұмыс істеп жатырмыз, - деді Серікқали Аманғалиұлы.

Сондай-ақ министр «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ға қандай талаптар қойылатынын атап өтті.

Қазір мен оны сізге айта алмаймын. Құжаттарды қарау керек. Біздің басты мақсатымыз – «Арселор Миттал Теміртау» кәсіпорнының шығарындыларын 2025 жылға дейін 20 пайызға дейін төмендету. Осыған сәйкес олар бізге тапсырып жатқан құжаттарында көрсетуі керек. Егер нақты іс-шараларын көрсетпесе, біз экологиялық рұқсаттаманы бермейміз. Заң бойынша рұқсатсыз жұмыс істесе... тексеру жүргізіліп, осындай фактілер анықталса, айыппұл салынады, - деді ол.

«Қысқасын айтқанда, олар экологиялық рұқсаттаманы алмаса, олардың мұржаларын түтін шықпауы керек қой?» -деді журналис.

Олай да айтуға болады, - деді министр.

Брекешев айыппұлдың қалай қалай салынатынын түсіндірді.

Оның арнайы методикасы бар. Оны қазір сізге айта алмаймын. Осы сәрсенбі күні біз арнайы Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесу өткіземіз. Теміртауға барамыз. Онда үлкен жиналыс өтеді. Сонда «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның мәселесі көтеріледі. Қызығушылық болса, кездесуге келіңіздер, - деді ведомства басышысы. 

Өзгелердің жаңалығы